Онколог асқазан жарасын емдемесеңіз не болатынын айтты

Онколог асқазан жарасын емдемесеңіз не болатынын айтты
Фото: polyclinika.ru

Асқазан жарасын емдеуге болады дейді дәрігерлер. Бірақ бұл оңай емес және тез емделмейді. Егер адам бұл ауруын емдемесе салдары ауыр болуы мүмкін. Онколог Иван Карасев асқазан жарасын емдемесеңіз не болатынын айтты.

Ойық жара– асқазандағы терең жара. Бұл шырышты қабық зақымдалған кезде пайда болады, көбінесе Helicobacter pylori бактериялары кінәлі болады. Сонымен қатар, стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды үнемі қолдану жараны тудыруы мүмкін. Жас ұлғайған сайын асқазан жарасының пайда болу мүмкіндігі артады. 

"Ойық жара – асқазанның шырышты қабығының ұзаққа созылған қабынуының нәтижесі. Әдетте жара гастриттен басталады, оған адамдар назар аудармайды", - дейді онколог Карасев.

Асқазанның қабынуы тыныш тыныш жүретін прцес. Адам оны емедемесе әрі қарай он екі елі ішектің ойық жарасына жалғасады.

Ол неге қауіпті?

Егер ауру басталса, онда өте ауыр асқынулар дамуы мүмкін.

Мысалы:

ішкі қан кету;

ойық жараның перфорациясы (жара асқазанда тесіктер жасайды);

ойық жаралардың онкологияға айналу үрдісі өте жоғары, әсіресе емдеу қиын. 

"Сондықтан, ешбір жағдайда бұл ауруды елемей қоймаңыз. Емдеңіз, бақылаңыз, дәрігеріңізді тыңдаңыз. Бұл күрделі асқынуларды болдырмаудың бірден-бір жолы", - дейді Иван Карасев.

Асқазан жарасының белгілері

"Асқазан жарасының көпшілігінде симптомдар жоқ немесе тек жеңіл ыңғайсыздық тудырады. Олар көбінесе асқынулар болған кезде ғана анықталады", - дейді гастроэнтеролог Вера Самсонова.

Ойық жара кезінде пайда болатын көптеген белгілер: 

іштегі ыңғайсыздық сезімі;

тәбеттің жоғалуы;

жүрек айну және құсу;

тұрақты емес нәжіс және ізтің кебуі;

кекіру;

сондай-ақ іштің жоғарғы бөлігінде тамақ ішумен байланысты емес немесе тамақ ішкенге қарағанда жиірек пайда болатын ауырсыну.

Қалай емделеді?

Дәрігерлер Helicobacter бактерияларын немесе қатерлі ісіктерді таппаса, әдетте асқазан жарасын емдеу үшін омепразол және пантопразол сияқты протонды сорғы тежегіштері (ППИ) тағайындалады. Олар асқазан қышқылының жиналуын азайтады. Препарат 4-тен 8 аптаға дейін қабылданады.

Әйтпесе, егер стероидты емес қабынуға қарсы препарат асқазан жарасының себебі болса, оны енді қабылдауға болмайды, дәрігер баламалы нұсқаны ұсынады. Сонымен қатар, асқазан жарасы бар адамдарға темекі шегуге және ішімдік ішуге болмайды.

Себеп Helicobacter pylori бактериясы болса, қосымша антибиотик беріледі.

Айта кетейік, бұған дейін гастроэнтеролог хеликобактер пилори қандай аурулар тудыратынын айтқан болатын.

Т. Раушанұлы