- Негізгі бет
- Жаднама
- Өміріңізге қажетті ережелер...
Өміріңізге қажетті ережелер
- Күріш қосылған тағамды көп жеңіз.
- Адамдарға олардың күткенінен көбірек беріңіз және оны жан жүрегіңізбен жасаңыз.
- Жаныңызға жаққан өлеңді жаттап алыңыз.
- Естігеннің бәріне сене бермеңіз, өзіңізде бардың бәрін жұмсай бермеңіз, шаршағанша ұйықтамаңыз.
- "Мен сізді сүйемін" дегенде, шын ойыңыз да солай болсын.
- "Өте өкініп тұрмын" деп айтқанда адамның көзіне қарап айтыңыз.
- Бір көргеннен сүюге сеніңіз.
- Көрген түсіңізді жоққа шығармаңыз.
- Сүю сезіміңіз терең болсын. Сізге ауыр тисе де, шыны сол - толыққанды өмір сүрудің жалғыз жолы осы.
- Күресіңіз әділетті болсын, қарсыластың шамына тимеңіз.
- Адамдарды туыстарына қарап бағаламаңыз.
- Тез ойлап тұрып, жай сөйлеңіз.
- Сіз жауап бергіңіз келмейтін сауал қойылса, күле қарап: "Мұны неге білгіңіз келіп тұр?" деп сұраңыз.
- Үлкен махаббат пен үлкен жетістіктер үлкен тәуекелді қажет етеді.
- Анаңызға қоңырау шалып тұрыңыз. Егер ол мүмкін болмаса, анаңызды есіңізге ала жүріңіз.
- Біреу түшкіргенде, саулығын тілеңіз.
- Жеңілсеңіз, содан үлгі алыңыз.
- Мына үш нәрсені ұмытпаңыз: Өзіңді құрметтеу, Өзгелерге құрметпен қарау, Өз ісіңе жауапкершілік.
- Үлкен достықты кішкене кикілжіңнің бұзуына жол бермеңіз.
- Қате жасап алғаныңызды түсінген кезде оны жөндеуге барынша тезірек кірісіңіз.
- Телефонмен сөйлескенде жымиып тұрыңыз, қоңырау шалушы оны сіздің даусыңыздан сезеді.
- Өзіңіз сөйлесуден жалықпайтын адаммен тұрмыс құрыңыз. Өйткені уақыт өте келе, сөйлесу басқа әдеттерден маңыздырақ болатын кез келеді.
- Баз бір кездерде жалғыздықта болуды да әдет етіңіз.
- Өзгерістерді қабылдай тұрып, өз құндылықтарыңыздан ауытқымаңыз.
- Кей-кейде үндемей қалудың өзі - жауап.
- Кітапты көбірек оқып, теледидарға азырақ қараңыз.
- Өміріңіз ізгі әрі әділ болсын. Сонда қартайған шағыңызда өткен күндерді еске түсіргеніңізде, өміріңізден қайтадан рахат алатын боласыз.
- Өз үйіңізде жақсы көңіл-күй болуы өте маңызды.
- Үйіңіз тыныш, әрі жайлы болуы үшін бар күшіңізді жұмсаңыз.
- Жақын-жуықтардың бірімен келіспей қалсаңыз, онымен тек өткінші мәселелерді ғана талқылаңыз.
- Өткенді қазбаламаңыз.
- Оқыған сөздердің астыртын мағынасына да үңіліңіз.
- Біліміңізбен бөлісіңіз. Бұл - мәңгілік жолы.
- Біздің ғаламшарымызға мейірлі болыңыз.
- Табиғи қалыпта болыңыз. Табиғаттың дыбысына құлақ түріңіз.
- Бұрын болмаған бір жерлерге жылына бір рет шығып тұруға тырысыңыз.
- Ақшаңыз көбейсе, қайырымдылық жасаңыз. Ол - тағдырдың сізге бұйыртатын ең жақсы сыйы.
- Кейде "жетістікке жете алмай қалудың" өзі - жетістік.
- Ережелерді байқалтпай бұзу үшін оларды есте мықтап сақтаңыз.
- Біреудің біреуге деген махаббаты бірге болу қажеттілігінен маңыздырақ, жақсы қарым-қатынас деген сол.
- Жетістіктің деңгейі сіз оған жету үшін қандай нәрселерден бас тартқаныңызбен де өлшенеді.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
сурет: news.uklon.com.ua
Л. Лига