Әр адам өз өмірінің суретшісі. Егер біреу тек сұрғылт түсті жақсы көрсе, оның өмірі де сол түс секілді болуы мүмкін. Ал, кейбір адамдар сан түрлі бояуларды ұнатады. Демек, оның өмірі де сол бояулар секілді сан түрлі болуы ғажап емес. Әрине, қалай дегенде де әркімнің өз тіршілігі бар. Біреудің өміріне қол сұғу біздің мақсат емес. Біздікі – оқырманға ой салу ғана. Сонымен өміріңізді талқандайтын 10 себепке үңіліп көріңіз.
1. Егер кешірімді болмасаңыз, өміріңізді талқандайсыз. Барлығын жүрекке жақын қабылдау шарт емес. Адамдар сізді ренжітуі мүмкін, сол секілді сіз де біреуге мұң сыйлайсыз. Көңілдегі реніш пен ашу-ыза ең маңызды нәрселерді ұмыт қалдыратынын естен шығармаған абзал.
2. Егер өзіңізге ұнамайтын жұмыс жасасаңыз, өміріңізді талқандайсыз. Сіз жақсы жалақы алу үшін амалсыз өзіңіз қаламайтын қызметке тұрасыз. Алайда, өз мақсатыңызға қарай ұмтылуға не кедергі? Жан дүниеңіз қаламайтын қызметпен ұзаққа бармайсыз. Уақытыңызды текке өлтіресіз. Көптің бірі боп қана ілбіп жүресіз. Ілгерілеу болмайды.
3. Сіз туралы жұрт не ойлайды деп алаңдасаңыз, өміріңізді талқандайсыз. Ұмытпаңыз! Бәріне бірдей ұнау ешқашан мүмкін емес. Олардың өз өмірі, сіздің өз өміріңіз бар. Сіз туралы өсек айтылса, қуаныңыз. Демек, бағытыңыз дұрыс.
4. Барлығын кейінге қалдыра берсеңіз, өміріңізді талқандайсыз. Бұл шындық. Ең маңызды шешімдерді дәл уақытында қабылдау керек. Бірден бәрі керемет болмайды. Мәскеу бір күнде тұрмаған. "Темірді қызған кезінде соқпасаңыз" тым кеш болуы мүмкін. Кейін өкінбес үшін дер кезінде қимылдау қажет.
5. Өз-өзіңізге күтім жасамасаңыз, өміріңізді талқандайсыз. Дене бітіміңіз – жетістігіңіздің басты қозғаушы күші. Оның емі – салауатты өмір салтын ұстану. Яғни, дұрыс, уақытылы тамақтану, спортпен шұғылдану, т.б.
6. Жиі шағым айта берсеңіз, өміріңізді талқандайсыз. Шағым айту – сізге ешқашан көмектеспейді, керісінше айналаңызға жек көрінішті боласыз. Керісінше, сіз үнемі алға ұмтылумен ғана көздеген мақсатңызға жете аласыз.
7. Өткенге өкіне бесреңіз, өміріңізді талқандайсыз. Барлығы бүгіннен басталады. Өткен күн өтті. Ол енді қайтып оралмайды. Өткеннің қателігін өткенге қалдырыңыз. Бүгін – нағыз жанатын шағыңыз. Мықты адам – өз қателігінен сабақ алатын адам. сізді алдыңызда үлкен мүмкіндіктер күтіп тұр. Өзіңізді жей бермей, іске кірісіңіз.