Өмірдегі ең әлсіз қасиет – шыдамсыздық. Адам күте білу керек. «Сабыр түбі – сары алтын» дейтін сөздің де жаны бар. Бәрі бірден болса екен, бәрі тез бітсе екен, тез байып кетсек екен дейміз. Бірақ бұл қиял ғана. Ол үшін күту керек, сабыр сақтау керек.
Ричард Брэнсон бір түн ішінде миллионер атанып кеткен жоқ. Мадонна да бір түн ішінде музыкадағы поп жанрының ханшайымы атанған жоқ. Дэвид Бекхэм, Геннадий Головкин де бір түн ішінде әлемдік екі спорт түрінің үздіктері атанған жоқ.
Ең қызығы олардың жасаған жетістіктері мен еңбектерін сіз де жасай аласыз. Бірақ оған үлкен төзім мен еңбек керек. Сізге әрекет ету керек.
Біз сізге «жарты сағат» теориясын ұсынамыз. Бұл ұстаным арқылы сіз күніне 30 минут ішінде түрлі жұмыс жасайсыз немесе бір жұмысты күн сайын қиындатып отырып, жарты сағат ішінде істеуге тырысасыз. Бұл кезінде айтқан «21 күн» қағидасы бойынша шартты түрде жүзеге асып кетеді. Мәселен, күніне жарты сағат ішінде бір кітап оқып бастаңыз. Сіз дәл осылай оқу арқылы шамамен жылына 24 кітап оқып бітесіз. Ал бұл жетістік емес деп айтуға бола ма?!
Сіз дәл осы «жарты сағат» қағидасы арқылы өзіңіздің 24 сағат ішіндегі істеген еңбектеріңіздің алға қалай басқанын байқамай қаласыз. Себебі сіз ол отыз минутты ескермейсіз де. Оның мақсаты да сол.
30 минут кетті. 01:03:29...