- Негізгі бет
- Жаднама
- Өміріңізді жақсарта түсетін...
Өміріңізді жақсарта түсетін әдеттер
1. Әр күніңізді күлімдеп бастаңыз. Ештеңе де сізге күлкіден артық күш-қуат бермейді.
2. Таңғы ас алдында 1 кесе су ішіңіз.
3. Жүгірумен айналысыңыз.
4. Темекі мен ішімдіктен бас тартыңыз.
5. Ертеңгі күніңізді жоспарлауды үйреніңіз.
6. Күн сайын көкөніс, жеміс-жидек жеңіз.
7. Жақсы ойлаңыз.
8. Денені тік ұстап жүріңіз, сымбатыңызға көңіл бөліңіз.
9. Таңертең жаттығу жасаңыз.
10. Аз-аздап бөліп тамақтаныңыз: күніне 4-5 рет бір уақытта.
11. Лифтіге отырмаңыз. Пәтеріңізге жаяу көтеріліңіз.
12. Таңертең ыстық және салқын суды кезектестіріп, суға түсіңіз. Бұл тәннің сергектігіне сеп.
13. Ұйқыны қандырыңыз. Ұйқыға бір уақытта жатып, бір уақытта тұруға дағдыланыңыз.
14. Күнде таза ауада серуендеңіз.
15. Киетін киіміңізді алдын ала бұрын дайындап қойыңыз.
16. Жылына бір рет жалпы медициналық тексеруден өтіңіз.
17. Қызықты ойларыңызды, пайдалы идеяларыңызды қағазға түртіп отырыңыз.
18. Газдалмаған таза суды жеткілікті мөлшерде ішіңіз: күніне 1500 мл.
19. Жатар алдында бөлмеңізді желдетіңіз. Салқын жерде ұйықтаңыз.
20. Күнде бөлмеңізді жинауға 15 минут уақыт бөліңіз.
21. Өзіңізге де көңіл бөліп қойыңыз: жаңа зат сатып алыңыз, жақсы фильм көруге барыңыз, жақсы адамдармен шүйіркелесіңіз.
22. Жатар алдында бетіңізді жуыңыз.
23. Үйдегі есеп-қисапты бақылаңыз.
24. Шығындарды қадағалап отырыңыз.
25. Жұмыстан соң үйге келгенде әсем әуен қосып, 15 минут тынығыңыз.
26. Аптасына бір рет саунаға немесе моншаға барыңыз.
27. Ауызыңызға не болса соны сала бермеңіз. Пайдасынан зияны көп қытырлақ картопты, коланы т.б. тағамдарды күнделікті дәмнен алып тастаңыз.
28. Ара-тұра етсіз тамақ жеңіз.
29. Пернетақтаға қарамай басуды үйреніңіз.
30. Қай жерге де кешікпей, келіскен уақытта барыңыз.
31. Адамдарды мақтап жүріңіз, жұртқа мейіріммен қараңыз.
32. Аптасына 2-3 рет 1 сағаттан спортпен шұғылданыңыз.
33. Миыңызды жаттықтырыңыз: өлең жаттаңыз, сөзжұмбақ шешіңіз, дойбы ойнаңыз.
34. Күніне 10 шетел сөзін жаттаңыз.
35. Кітап оқуға күніне ең болмағанда 30 минут уақыт бөліңіз.
36. Сүйікті адамдарыңызға және ата-анаңызға жиі хабарласып, телефон шалып тұрыңыз.
37. Йогамен немесе тыныс алу жаттығуларымен шұғылданыңыз.
38. Жеке күнделік бастап, өз жетістіктеріңізді жазып отырыңыз.
39. Әдемі және сауатты сөйлеуді үйреніңіз. Боқтықтан, былапыт сөздерден арылыңыз.
40. Қуанышты, бақытты, қызықты сәттеріңізді суретке түсіріп жүріңіз.
41. Көзге арналған жаттығуларды жасаңыз.
42. Күн сайын қышқыл сүт өнімдерін тұтыныңыз: майсыз сүзбе, қоспасыз йогурт, айран.
43. Дәнді нанға көшіңіз.
44. Үйде компьютерде екі сағаттан артық отырмаңыз.
45. Аяқты салқын сумен шайыңыз – бұл шынықтырады.
46. Тек сапалы косметика пайдаланыңыз.
47. Үйдегі қажетсіз заттарды лақтырыңыз.
48. Жаңа нәрселерді үйреніңіз, күнде бір қызықты нәрседен хабардар болыңыз.
49. Демалыс күндерін пайдалы өткізіңіз: табиғатқа шығыңыз, жаңа адамдармен танысыңыз.
50. Тек жақсы ойлаңыз. Есіңізде болсын: армандау - шынайы өмірден алшақтау емес, оған жақындаудың жолы.
Cурет: fethullahgulen.com
Ж. Исакаев