- Негізгі бет
- Жаднама
- Өмірдің қарапайым 3...
Өмірдің қарапайым 3 ережесі
Өмір біз ойлағаннан да күрделі және өте қарапайым. Кейбір күрделі дүниелерді түсіну үшін өте қарапайым ережелерді ескеру қажет болады. Өміріңіздің өзгергенін қалайсыз ба? Онда мына 3 ережені есте ұстаңыз!
Бір қадам баспай алға жылжымайсыз
Сіз бір қадам алға баспасаңыз, ешқашан тұрған орныңыздан жылжи алмайсыз. Солай ғой? Отыра беру жақсы емес. Жаныңыз бір өзгерісті қалайтыны анық. Бір нәрсені түсіну үшін де кейде алға бір қадам жасап көру керек. Қателесу барлық адамға тән. Қателесуден ешқашан қорықпаңыз!
Сұрамасаңыз ешқашан жауап ала алмайсыз
Бұл өте қарапайым. Білмесеңіз, сұраңыз. Орынсыз сұрақтар болмайды. Қойылмаған сұрақтар орынсыз болып саналады. Сұрамасаңыз ешкім жауап бермейді. Сұрамасаңыз ешқашан жауап ала алмайсыз.
Байқап көрмесеңіз мақсатқа жете алмайсыз
Жақсы бір іс бастау көптен ойыңызда жүр делік. Бастап кетейін десеңіз, жүрегіңіз дауаламайды. Айналаңыздағылардың сөзінен, пікірінен қорқасыз. Бірақ, мынаны түсініңіз, егер де байқап көрмесеңіз ешқашан ойлағаныңызға қол жеткізе алмайсыз. Ал, ең қиыны – ойлаған нәрсені жүзеге асыра алмау.
Ж. Жұмағұлов