Өмірден түйгендерім...

Регина Брет (АҚШ)

Тоқсанға келіп, туған күнімді құттықтамақ болып отырған осы күнде өмірден түйгендерімді жинақтап, көпке ұсынуды жөн көрдім.

Өмір әділ емес, бірақ өте тамаша. Наркүмән болғанда келешекке қарай жарты қадам ілгерлеңіз. Өмір өте қысқа. Оның қысқалығы сонша, уақытты зая етіп, әлде кімдерді жек көруге де мұрсамыз тимейді. Ауырып қалсаңыз қызметіңіз қарайласпайды, достарыңыз бен ата-анаңыз ғана сіздің жаныңызда болады. Ай сайын кредиттеріңізді толық төлеп тұруға тырысыңыз. Әр реткі жанжалда жеңіске жете беруіңіздің қажеті шамалы, тегінде құптамайтын істеріңізге мақұлдық берудің де жөні бар. Жалғыз өксігенше біреумен бірге жылаңыз, солай істесеңіз қайғы-мұңнан оңай арыласыз. Тәңірге кейістік білдірген әбестік емес, ол көтере алады. Тұңғыш еңбекақыңыз қолыңызға тигеннен бастап, зейнетке шыққанда істету үшін ақша жинаңыз. Өзіңіздің өткеніңізбен отаса білгеніңіз жөн, сонда ғана ол болашағыңызды ойрандамайтын болады. Көз жасыңызды балаңыз көрсе ештеңе етпейді. Өз өміріңізді өзгелердікімен салыстырмаңыз, сіз өзге өмірлердің осы күнге қалай жеткенін білмейсіз ғой. Егер белгілі қарым-қатынас жасырып жабуды қажет етсе, ондай қарым-қатынасты үзіңіз. Терең тыныс алыңыз, сергіп, тынышталып қаласыз. Керексіз, көріксіз немесе өзіңіз ұнатпайтын, көңіліңіз тартпайтын нәрселердің барлығын лақтырып жіберіңіз. Өлімнен аман қалсаңыз, расында тіпті де қайсар боласыз. Бала күннің бал дәуренін қайта құшудың қашанда кештігі жоқ. бірақ, бұған бола өзгелерді әурелемей, өзіңіз сүйгеніңіз абзал. Өмірдегі әуесіңізге қол созғанда, «Әй, мұным болмас» дей көрмеңіз. Балауыз шамды тұтатып, ең жақсы көрпе кірлігін істетіп, әдемі ұйқы киімін киіп алыңыз. Оларды ерекше кезде ғана істетпеңіз, бүгін ерекше күн. Дайындығыңыз жан-жақты болсын, содан кейін жағдайға қарап іс бастайсыз. Қазір-ақ ескі сүрдектен шығып ерекшеленіңіз. Күлгін жейдені жасыңыз ұлғайғанда ғана кие бастамаңыз. Ең маңызды мүше – ми. Сіздің шаттығыңызды өзіңізден өзге ешкім де меңгере алмайды. Басыңызға бір бақытсыздық түссе: «Бұл бес жылдан кейін де маңызды бола ма?» деген бір ауыз сөзбен безендіріп көріңіз. Талғамыңыз мәңгі тірі жасау болсын. Әр адамға, әр іске кешіріммен қараңыз. Өзгелердің өзіңізге қалай қарауымен тым санасып кетпегеніңіз жөн. Уақыт әрқандай істің дерлік бедерін өшіріп, ізін көмескілейді. Өзіңіз біраз уақыт беріңіз. Жағдай қанша жақсы болса да, қандай нашар болса да, оның бәрі өзгереді. Өзіңізге өте мұқият болмаңыз, сізге ешкім де олай қарамайды. Мұғжизаға сене біліңіз. Күтіп тұрмаңыз. Қазір-ақ өзіңізді әйгілеңіз, әрі, өз рөліңізді барынша сәулелендіріңіз. Балаңыздың балалық дәурені бір-ақ рет келетінін ұмытпаңыз. Түбінде бәрінен маңыздысы – сүйе алғандығыңыз. Егер өз мәселелерімізді қайыра тұрып, өзгелердікіне назар аударсақ, онда өз мәселелерімізді қайтадан тауып алатын боламыз. Қызғаныш тек уақытыңызды зая кетіреді, осы уақытта өзіңізге тиеселі дүниенің бәріне қолыңызды жеткізуіңіз мүмкін ғой. Ең тамаша істер алда. Жол беріңіз. Өмір әдемі қораптармен безендірілмегенімен, ол бәрібір тамаша тарту. Тіршілік алдында сіз мәңгі жақсырақ нұсқасын таңдайтын қабілетке иесіз.

 

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: nipic.com