- Негізгі бет
- Жаднама
- Өмірден түйгендерім......
Өмірден түйгендерім...
Регина Брет (АҚШ)
Тоқсанға келіп, туған күнімді құттықтамақ болып отырған осы күнде өмірден түйгендерімді жинақтап, көпке ұсынуды жөн көрдім.
- Өмір әділ емес, бірақ өте тамаша.
- Наркүмән болғанда келешекке қарай жарты қадам ілгерлеңіз.
- Өмір өте қысқа. Оның қысқалығы сонша, уақытты зая етіп, әлде кімдерді жек көруге де мұрсамыз тимейді.
- Ауырып қалсаңыз қызметіңіз қарайласпайды, достарыңыз бен ата-анаңыз ғана сіздің жаныңызда болады.
- Ай сайын кредиттеріңізді толық төлеп тұруға тырысыңыз.
- Әр реткі жанжалда жеңіске жете беруіңіздің қажеті шамалы, тегінде құптамайтын істеріңізге мақұлдық берудің де жөні бар.
- Жалғыз өксігенше біреумен бірге жылаңыз, солай істесеңіз қайғы-мұңнан оңай арыласыз.
- Тәңірге кейістік білдірген әбестік емес, ол көтере алады.
- Тұңғыш еңбекақыңыз қолыңызға тигеннен бастап, зейнетке шыққанда істету үшін ақша жинаңыз.
- Өзіңіздің өткеніңізбен отаса білгеніңіз жөн, сонда ғана ол болашағыңызды ойрандамайтын болады.
- Көз жасыңызды балаңыз көрсе ештеңе етпейді.
- Өз өміріңізді өзгелердікімен салыстырмаңыз, сіз өзге өмірлердің осы күнге қалай жеткенін білмейсіз ғой.
- Егер белгілі қарым-қатынас жасырып жабуды қажет етсе, ондай қарым-қатынасты үзіңіз.
- Терең тыныс алыңыз, сергіп, тынышталып қаласыз.
- Керексіз, көріксіз немесе өзіңіз ұнатпайтын, көңіліңіз тартпайтын нәрселердің барлығын лақтырып жіберіңіз.
- Өлімнен аман қалсаңыз, расында тіпті де қайсар боласыз.
- Бала күннің бал дәуренін қайта құшудың қашанда кештігі жоқ. бірақ, бұған бола өзгелерді әурелемей, өзіңіз сүйгеніңіз абзал.
- Өмірдегі әуесіңізге қол созғанда, «Әй, мұным болмас» дей көрмеңіз.
- Балауыз шамды тұтатып, ең жақсы көрпе кірлігін істетіп, әдемі ұйқы киімін киіп алыңыз. Оларды ерекше кезде ғана істетпеңіз, бүгін ерекше күн.
- Дайындығыңыз жан-жақты болсын, содан кейін жағдайға қарап іс бастайсыз.
- Қазір-ақ ескі сүрдектен шығып ерекшеленіңіз. Күлгін жейдені жасыңыз ұлғайғанда ғана кие бастамаңыз.
- Ең маңызды мүше – ми.
- Сіздің шаттығыңызды өзіңізден өзге ешкім де меңгере алмайды.
- Басыңызға бір бақытсыздық түссе: «Бұл бес жылдан кейін де маңызды бола ма?» деген бір ауыз сөзбен безендіріп көріңіз.
- Талғамыңыз мәңгі тірі жасау болсын.
- Әр адамға, әр іске кешіріммен қараңыз.
- Өзгелердің өзіңізге қалай қарауымен тым санасып кетпегеніңіз жөн.
- Уақыт әрқандай істің дерлік бедерін өшіріп, ізін көмескілейді. Өзіңіз біраз уақыт беріңіз.
- Жағдай қанша жақсы болса да, қандай нашар болса да, оның бәрі өзгереді.
- Өзіңізге өте мұқият болмаңыз, сізге ешкім де олай қарамайды.
- Мұғжизаға сене біліңіз.
- Күтіп тұрмаңыз. Қазір-ақ өзіңізді әйгілеңіз, әрі, өз рөліңізді барынша сәулелендіріңіз.
- Балаңыздың балалық дәурені бір-ақ рет келетінін ұмытпаңыз.
- Түбінде бәрінен маңыздысы – сүйе алғандығыңыз.
- Егер өз мәселелерімізді қайыра тұрып, өзгелердікіне назар аударсақ, онда өз мәселелерімізді қайтадан тауып алатын боламыз.
- Қызғаныш тек уақытыңызды зая кетіреді, осы уақытта өзіңізге тиеселі дүниенің бәріне қолыңызды жеткізуіңіз мүмкін ғой.
- Ең тамаша істер алда.
- Жол беріңіз.
- Өмір әдемі қораптармен безендірілмегенімен, ол бәрібір тамаша тарту. Тіршілік алдында сіз мәңгі жақсырақ нұсқасын таңдайтын қабілетке иесіз.
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: nipic.com
M. Auelkhan