- Негізгі бет
- Жаднама
- Өмірде бәріміз жіберетін...
Өмірде бәріміз жіберетін 10 қате
1. Таңдаудың жоқтығы
Бір қызығы кей адамдар өмір жолын таңдамайды, ағыс қалай ақса, солай жүзе береді. Үнемі «Бір мәнісі болар» деген сөздер айтады. Нәтижесінде өмір бойы Қызылорданың желімен жүйткігендей күй кешеді. Университетке барған соң, біреудің кеңесін тыңдаумен болады. Бір нәрсе ұнамаса, екінші жерге көшеді. Өзінің не үшін өмір сүргенін түсінбей қалады.
2. Таңғажайыпты күту
Әрине, жақсы сөз – жарым ырыс екені рас. Алайда өзіміз талпынбасақ, өмірде еш нәрсе өзгермей, сол қалпында қалып қалуы мүмкін.
3. Тынымсыз жұмыс
Бұл жағдайда адам өзіне нақты не керек екенін білмесе де, күні-түні жұмыс жасауға дайын. Тіпті, екі жұмысты қатар жасайды. Ауруға да, демалуға да уақыт жоқ.
4. Абайсызда сәттілікке жолығу
Бұл бір сәтте өмірді өзгертіп, ақша мен атаққа оңай қол жеткізуге болады деген қателік. Екі қолдың көмегімен көп іс тындыруға болатын шығар, алайда саусаған қимылдатпайтын адамның жетістікке жете қоймайтыны анық.
5. Алған бетінен қайтпау
Оның таңдаған өмірлік жолы қазіргі қоғамға қажеті жоқ. Бірақ ол әлі де осы салада жүріп жетістікке жететініне сенеді. Санасы өткен ғасырда қалып қойған. Мысалы, джигули, волга сынды көліктер дәл бүгін сұранысқа ие болмаса да, джип мінуден гөрі соларды ұнатады.
6. Мен кішкентай адаммын
Бұл жағдайда адам қолында еш нәрсенің кілті тұрған жоқтығын айтып ақталады. Және мінезі қырсық келеді.
7. Айыптыларды іздеу
Өмір атты ұзақ жолда айыптыларды табу қиын емес, өте оңай. Олар ата-анасының дәрменсіздігін, өзге адамдар секілді байлыққа толы өмір сыйламағандықтарын қайта-қайта айтып бетке басады. Ендігі өмірі жаман әдеттерге бой алдырып, түңілуден тұрады.
8. Менің қиындықтарымды кім шешіп береді?
Яғни жауапкершіліктен бас тарту.
- Есте сақтау қабілетім нашар болғандықтан, мұны жаттай алмаймын;
- Жұмыс іздеу дейсіз? Сіз не айтып тұрсыз? Менің қолымнан еш нәрсе келмейді.
- Маған көмектесіп жіберу қолыңыздан келеді емес пе?
9. Барлығын жек көремін
Өмірдегі қиындықтардың барлығын ұнатпайтын адамы келіп табыстайтындай көрінеді. Сондықтан бастығымен, әріптестерімен үнемі ренжісіп жүреді.
10. Өмір бізді аямайды әрі ешқандай да мәні жоқ
Мұны әдетте тағдырдың тәлкегіне түскен жандар айтады.
Ал сіз бұл қателіктерден амансыз ба?
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: com.tv
Қ. Бүйенбай