- Негізгі бет
- Жаднама
- Өмірді жақсартудың 20...
Өмірді жақсартудың 20 минуттық ережесі
Қайнаған тіршіліктің ортасында қарбаласа жүріп, кейде өз өмірімізге көңіліміз толмай жатады. Уақытымыздың қайда кеткені жайлы ойланып, ештеңеге үлгермейтінімізге қынжыламыз. Өмірді жақсартудың 20 минуттық ережесін білесіз бе? Осынау қызықты 20 минуттық уақыт аясында адам жасауға тиіс дүниені қолынан келгенше, мүмкіндігінше кез келген уақытта іске асыра алады. Тек қажыр-қайрат пен ниет керек. Егер күнделікті үйреншікті тіршілігіңізді өзгерткіңіз келсе, бұл кеңесіміз күніңіздің жақсы өтуіне септігін тигізеді.
Бұл бойыңыздағы қырсыздықты, жалқаулықты жақсы әдетке айналдыруға таптырмас тиімді тәсіл болмақ.
Денсаулығыңыз қалыпты болуы үшін күніне 20 минут гимнастикамен немесе өзіңіз қалаған спорт түрімен шұғылданыңыз.
Үйіңіз үнемі таза болу үшін күніне 20 минут көңіл бөліңіз.
Жақсы, танымды дүние оқуға, пайдалы ақпарат алуға күніне 20 минут уақыт арнаңыз.
Әр күнде кемінде 20 минут отбасыңыздағы адамдармен (аға-әпкеңіз, іні-қарындастарыңыз, т.б. туыстарыңыз) қарым-қатынас жасаңыз.
Күніне 20 минут туындаған жаңа, қызықты идеяларыңыз бен ойларыңызды, жоспарларыңызды күнделігіңізге жазып отырыңыз.
Ұзақ уақыттық жан тыныштығын сақтау үшін әр күні 20 минут оңаша қалып демалып алыңыз.
Рухыңыз бен жан дүниеңіздің сұранысын қанағаттандыру үшін һәм әдеби білім қорыңызды толықтыру үшін әдеби көркем шығарма оқуға күніне 20 минут уақыт арнаңыз.