Әзіл-қалжыңы аралас өмір заңдылықтары.
* * * *
1. Қапталдағы кезек күту әр уақытта жылдам жүреді. /Этторенің бақылауы/
2. Егер еш қайрансыз, еш көмек болмай жатса, онда, ақырында, түсіндірмесін оқыңыз! /Кан мен Орбеннің қағидалары/
3. Іздестіру жұмысын ешкім күтпеген тұстан бастаңыз. /Іздестіру заңдылығы/
4. Қай уақытта болсын, жұмысты өз деңгейінде бітіруге уақыт жетпей жатады, бірақ, қайта қарап шығуға уақыт табыла кетеді. /Мескименнің заңы/
5. Ең қиын тапсырманы жұмыстағы ең жалқау адамға тапсырыңыз. Ол ең оңай жолын табады./Хлейд заңы/
6. Шұжықты ұнататындар мен заңды құрметтейтіндердің назарына: екеуінің де қалай жасалатынын көрмей-ақ қойыңыз. /Шұжық қағидасы/
7. Ұжымдасып жұмыс істеген өте маңызды. Соның арқасында, кінәні өзгеге арта салуға болады. /Фингейлдің сегізінші ережесі/
8. Сізге әр уақытта не ақша, не уақыт жетпейтін болады./Лерманның зерттеуі/
9. Жұмыстың 90 пайыз алғашқы бөлігі 10 пайыз уақытты алады, ал қалған 10 пайыз 90 пайыз жұмысты. /Жоба жасау ережесі/
10. Қай кезде болмасын, тырнақты алып тастаған соң, ол артынша бір сағат өтер-өтпесте керек болып шығады. /Уиттеннің заңы/
11. Ағаш есіктен ұратын күн туғанда, өмірдің алюминий мен пластиктен тұратынын түсінесің. /Флагтың заңы/
12. Жасалуы тиіс емес кез келген жұмыс адамға жеңіл тиеді. /Холттың заңы/
13. Кімнің қолынан келсе, сол жасайды. Кімнің қолынан келмейді, сол оқиды. Студенттерге толықтыру: Кім оқи алмаса — оқу үшін оқыту. /Дж. Б. Шоудың заңы/
14. Дұрыс түсіндірілмеген кез келген бұйрық дұрыс түсінілмейді. /Әскер заңы/
15. Адамдар қажеттілігі болмай қалған кез келген ауыр жұмысты жасауға пейілді. /Зимергидің адал еңбек заңы/
16. Маман (эксперт) — кез келген адам біздің қалада туылмаған. /Марса ережесі/
17. Тәжірибе өсімі істен шыққан аппаратқа тіке пропорциялы бағытталады. /Хорнер/
18. Ешқашан бір ғана нәрсені жасау мүмкін емес. /Хардинның заңы/
19. Ең қызықты экспонатта ат қойылған тақта болмайды. /Джоунстың зоопарк пен мұражай заңы/
20. Бірде-бір талант детальға деген ынтықтығын жасырып тұра алмайды. /Левидің сегізінші заңы/
21. Бір сағаты бар адам уақыттың нақты кезін біледі. Ал бірнеше сағатқа иелік ететін жан еш нәрсеге сенімді емес. /Сегалдың заңы/
22. Ұзақ уақытқа сақтап келген бір нәрсені лақтыра салуға да болады. Алайда, лақтырған соң, сол мезетте керек бола қалады. /Ричардың байланыс ережесі/
23. Жоғалған затты ең соңғы қалтадан табасыз. /Бубтың заңы/
24. Бутербродтың қай бөлігіне май жағуды күні бұрын дұрыс анықтау мүмкін емес. /Табиғаттың дойырлық заңы/
25. Ыстық шыны сауыт (колба) тура мұздай шыны сауыт секілді. /Зертхана жұмысының бірінші заңы/
26. Үкіметтегі жемқорлық туралы әрқашан өткен уақытпен хабарланады. /Уотергейгей қағидасы/
27. Көрегендік танытатындар көбіне тапсырма шешімінен алыс жүреді. /Алинскийдің қағидасы/
28. Экономистер арасында ақиқат өмір көбіне кездейсоқ оқиға болып есептеледі. /Хонгреннің бақылауы/
29. Еш нәрсе де парасатты себеппен жасалмайды. /О’Брайенның заңы/
30. Әр іс-әрекеттің өзімен бірдей қарсыбет сыны болады. /Харриссон/
31. Бәрінен ең аз төлем жасаған адам - бәрінен де ең көп шағым жасайтын адам. /Дрюның кәсіби практика заңы/
32. Біреудің дұрыс кетпей бара жатқаны маңызды емес. Мүмкін, мұнысы жақсы көрінетін шығар. /Скоттың бірінші заңы/
33. Сынбайтын ойыншық біреудің басын жаруда пайдалы. /Ван Ройдың заңы/
34. Бүкіл ұлы жаңалықтар қателікпен жүзеге асады. /Янгтың заңы/
35. Бір басыңыздан не өтпесін, оның барлығы да жақын туыстарыңыздың бірінің басынан өтіп те қойған. Ол жолы тіпті ауыр болатын. /Мидердің заңы/
Cурет:tatjanaere.livejournal.com
Дайындаған: Фараби Арыстанбек