Өмір сүруге 20 қулық

Өмір сүруге 20 қулық

Күнделікті тұрмысқа қажетті 20 қулық. Сіз де біле отырсын деген ниетпен. 

1qq

Жаңа туфли қысатын болып шықты ма? Үш пар шұлықпен киіп, 10 минут фен ағысының астына қойыңыз. 

7qq

Пинг-понгка арналған шардың ішке майысқан бөлігін қалып келтіру оңай, ол үшін ыстығы ұрған оттықтың үстіне қою қажет (аралық жақын болып кетпесін). Шар ішіндегі газ жылылықтың әсерінен үлкейіп, нәтижесінде шар бастапқы қалпына қайта келмек. 

21qq

Жүгіру кезінде бір бүйірдің ауырмасы үшін, әр жолы сол аяқ жерге түскенде дем алыңыз. 

19qq

YouTube-тан видео жүктеп алу үшін, www. және youtube аралығында URL орнына «ss» қойыңыз және «enter» батырмасын басыңыз.

18qq

YouTube-тегі ән қайта-қайта орындалуы үшін, www. және youtube аралығында URL орнына «repeat» сөзін қойыңыз және «enter» батырмасын басыңыз.

2qq

Түнде алма шырынын ішіңіз - оның құрамында түсті жарқын әсерге бөлейтін құрам бар.

3qq

Егер мобильді қондырғыға "ұшақтамын" режимін қояр болсаңыз, онда жалықтыратын жарнамалар ойын ойнау уақытында кедергі келтірмейді.

5qq

Телефондағы музыка даусы қатты шығуы үшін, оны табақ ішіне салып қойыңыз. 

sugar

Егер сіз тіліңізді күйдіріп алсаңыз, қант ауырудың жеңілдеуіне септеседі.

17qq

Көгерген жерден (синяк) құтылу үшін, үстіне уксуспен салынған мақталы тампон басыңыз. 

8qq

Ұйқышылдықта (сонливость) деміңізді мүмкіндікке орай ұстап тұрыңыз, сосын дем алыңыз. Бұл әдіс жүрек соғысының жиілігінің артуына көмектеседі.

9qq

Суық душ қайызғақтан құтылуға жәрдемдеседі. 

10qq

YouTube-тан жарнама көрмеу үшін, URL «youtube» орнындағы кез келген видеоны «youtubeskip» сөзіне ауыстырыңыз. 

11qq

Егер сізге таңертеңгілік уақытта бір нәрсені еске түсіру қажет болса, ұйқыға жатарда өз-өзіңізге СМС жолдаңыз және оны ашпаңыз. 

12qq

Хайуанаттар бағына бара қалсаңыз, аталған орталықтың қызметкерлері киетін киім түсімен бірдей жейде (немесе күртеше) киіп алыңыз. Сонда, жануарлар сізге жақын келіп, жақын аралықтан көруіңізге мүмкіндік туады.

20qq

Егер телефон қуаты таусылып және тез арада қуаттау қажет болып жатса, онда "ұшақта" режиміне қоса отырып, желіге қосылыңыз. 

13qq

Маса шағып алды ма? Қасықты қыздырып, сосын шаққан жерге қойыңыз. Ауырғаны кетіп, мазалауды қояды. 

14qq

Егер міне-міне түшкіретініңізді біліп қалсаңыз, тілді жоғары көтерсеңіз болғаны, өтіп кетеді. 

15qq

Егер сіз өзіңізге жақындап қалған көлікті көрсеңіз және қашып құтылмасыңызды аңғарсаңыз, онда жоғары секіріңіз! Осылай ғана аман құтылуға сәл де болса мүмкіндік туады. 

16qq

Тоқтаусыз соғып тұрған бас ауруын лаймның сығындысымен сүрту арқылы жеңілдетуге болады.

4qq

Егер сіз печенье пісіруге оқталсаңыз және жұмыртқа бітіп қалғанын білсеңіз, онда олардың орнын банан басатынын біліңіз (бір жұмыртқаға бананның жартысы).

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: fullpunch.com

Л. Лига