Жер беті қызыққа толы. Себебі 7 миллиардтан астам адам өмір сүретін планетаның әр бұрышында түрлі қызықтар орын алып жатады. Тіпті кейбірі ақылға қонымсыз болса, бірі таң қаларлық ерекшеліктерімен көзге түседі. Сонымен бұл әлем несімен қызық? Швецияда оқушылар мектепке барғаны үшін 187 доллар алатынын білесіз бе? Сөз арасында балағат сөзді жиі пайдаланатын адамдардың өтірік көп айтатын анықталды. Сіз ше? Тайланд түрмелерінен ерте босауға мүмкіндік бар: темір тор ішінде төбелесіп, жеңіске жетсеңіз бұл арманыңыз орындалады. Бойка есімін еске салатын фильм есіңізде ме? Отбасы болған ерлі-зайыптыға қарағанда бойдақтардың психологиялық ауытқуға ұшырауы 7 есеге көп. Сіз әлі бойдақсыз ба? Таңғы 3-4 арасында адамның ағзасы толыққанды демалып, әлсіз күйге түседі. Жер бетінде болған оқыс өлімдердің көбі осы уақытта орын алған. Мәселен жүрек талмасы, қан қысым сынды аурулардың қозуы дәлел. Исландияға барып жатсаңыз даяшыға жұмысының сапасы үшін ақша қалдырмаңыз. Бұл оны төмендеткеніңіз болып саналады. 39 ? Бұл жер бетінде кеңінен таралған әйел адамдардың аяқ киім өлшемі. Парламент үкілердің көпше түрдегі атауы екенін білетін бе едіңіз? Жаңа Зеландияда 1864 жылдан бері жүріп тұрған сағат бар. Тіпті бір рет болсын тоқтап көрмеген. Алтынмен апталғыңыз келсе, Үндістанға барыңыз. Себебі ондағы үй қожайындарының (әйел адамар) бойында жер бетіндегі алтынның 11%-ы бар. Адамдардың 95% қарама-қарсы тұрған адамға өздерінің шынымен де нені қалап тұрғаны жайында айта алмайды. Жер бетіндегі ең қысқа ныспы О. Бұл Корея жеріндегі белгілі бір отбасының тегі.