Адам психологиясына түстердің беретін әсері мол. Көк түс адамды өзіне тәуелді етіп ұстап отыратын әрі ақылдың, сенімділіктің, қауіпсіздіктің түсі саналады. Сол себептен Фейсбук, Вконтакте, Твиттер, Linkedin, Mail.ru әлеуметтік желілері осы көк түсті таңдағанын да білеміз. Өздеріңіз сүйіп оқитын Массагет сайты да көк түспен әрленген.
Айналамызда көк түстерді көбейтсек, қабырғаның түсін, жиһаздарды көк түстен таңдасақ, оқуға зейініміз артып, жұмыс істеуге де қалауымыз күшейіп тұрады екен. Мұны көк түстегі су элементінің қасиеттерімен байланыстыруға да болады.
Су адамға өзінің қасиеттерін дарытады. Ол тыныштыққа, байсалдылыққа, ойды жинақтауға, жағдайға бейімделуге, тез сіңісіп кетуге баулиды. Сол себептен көк түстің қай жерде болса да адамға тигізер пайдасы мол.