Кей адамдарға ыстық суда шомылу ұнайды, өйткені ол кірді жақсы шайып, бұлшықеттерді тезірек босаңсытады. Сонымен қатар, ыстық ванна калорияны жағудың тиімді әдісі. Бірақ ыстық суға тым үйір болмау керек. Өйткені ыстық суға жиі түсу денсаулыққа кері әсер етіп жарақаттарға тіпті өлімге әкелуі мүмкін. "What If Show" жобасының авторлары ыстық ваннаның зияны туралы ақпаратты жариялады.
Ыстық ваннаның пайдасы
Ыстық ваннаның көптеген артықшығы бар деп есептеледі, олардың ең бастысы - физикалық, эмоционалдық және психикалық стрессті азайту. Жылу жүректің жиырылуын көбейтіп, қан тамырларын кеңейтіп, қан қысымын төмендетеді. Буыны ауыратын адамдарда ыстық су ауырсынуды азайтады, ал қант диабетімен ауыратын адамдарда инсулинге сезімталдықты аздап арттырады. Ыстық суға түскен кезде 30 минут жаяу жүргендей көп калория жұмсалады.
Ыстық ваннаның зияны
Ыстық ванна – демалудың тамаша тәсілі, бірақ қашан судан шығу керегін де білуіңіз керек.
Ыстық ваннаны қабылдаудың пайдасы бар, бірақ кейбір адамдар үшін бұл зиян. Мысалы, қан қысымы төмен, дене қызуы көтерілген, варикоздың кеңеюі, тромбозы бар адамдарға ыстық ваннаға түсуге болмайды. Сондай-ақ, ыстық суда тым ұзақ жату өлімге әкелуі мүмкін.
Ыстық су дене температурасының жоғарылауын тудыруы мүмкін. Егер бұл орын алса, қан қысымының төмендеуіне байланысты адамның жүрегі өте жылдам соғып, шамадан тыс жұмыс істей бастайды. Бұл күйде адамның басы айналады, денесі дірілдей бастайды.
Судың температурасы қандай болуы керек?
Бірнеше дереккөз ваннадағы судың температурасы Цельсий бойынша 37 және 39 градус аралығында болуы керек деп айтады. Жалпы, ыстық суға түсуге болады, бірақ жоғарыда аталған қауіптерді болдырмау үшін межені де білу керек.
Ваннада қанша минут жатуға болады?
Жуынатын бөлмедегі судың температурасы 40 градус Цельсий болса, онда 15 минуттан артық жатуға болмайды. Егер су 35-38 градусқа дейін қызса, 30 минутқа дейін ыстық суда жатуға болады.
Судың температурасы қандай болса да, ваннада бір сағаттан артық шомылу ұсынылмайды.
Қатты терлеуге байланысты ағзаның сусыздануын болдырмау үшін ваннаға түсер алдында бір стақан су ішуге болады. Шомылу алдында және шомылу кезінде ішімдік ішуге болмайды.