- Негізгі бет
- Жаднама
- Неліктен ұйықтар алдында...
Неліктен ұйықтар алдында тамаққа тәбет ашылады?
Көп адамның ұйықтар алдында тамаққа тәбеті ашылады. Ал таңертең оянғасын мүлде тамақ жегісі келмейді. Егер сізде де сондай болса, алаңдамаңыз, өйткені бұл денсаулыққа қатысты проблемалардың белгісі емес.
Ғалымдардың пікірінше, бұл құбылыс әбден қалыпты және ол біздің биологиялық сағатымызға қатысты. Тойымды кешкі астың денсаулыққа зияны, ал таңғы астың, керісінше, пайдалы екені бұрыннан белгілі. Бірақ біз таңертең емес кешке тамақ ішкіміз келеді. Мұның себебі неде? Мәселе мынада, кешке тәбеттің ашылуы ежелгі ата-бабаларымыздың аман қалуына көмектескен. Бұл солардан қалған әдет.
Неліктен кешке емес, күндіз тамақтанған дұрыс?
Инсулин - біздің ағзадағы тағамға қатысты ең маңызды гормон. Қандағы глюкозаның мөлшерін реттейтіні белгілі.
Тамақтану уақыты қандағы қант деңгейіне не болатынына әсер етеді. Бұл таңертең және кешке бірдей тағамды жесеңіз, қандағы қант деңгейі әртүрлі болады – кешке ол таңертеңнен гөрі жоғарылайды.
Көптеген зерттеу тойымды кешкі астың семіздікке әкелетінін көрсетті.
© hisarhospital.com
Кешке тамақ ішсеңіз не болады?
Тышқандардағы зерттеулер «дұрыс емес» уақытта тамақтанатын жануарлар көбірек тамақ жейтінін көрсетті. Адамдардағы жағдай да сондай. Мысалы, ауысыммен жұмыс істейтін және уақытылы емес, бей-берекет тамақтанатын адамдар семіздікке бейім келеді екен.
Жақында тағы бір зерттеу көрсеткендей кешке тамақтанатын адамдар келесі күні көбірек тамақ жейтіні анықталған. Яғни, олар артық тамақтануға бейім.
Неге кешке тәбет ашылады?
Зерттеулер біздің ағзамыз тамақты таңертең емес, кешке тұтынуға бейім екенін бірнеше рет көрсетті. Бірақ неге адамның тағамға деген құштарлығы циркадиялық ырғаққа сәйкес келмейді? Мұның бәрі азық-түлік қоры бар тоңазытқышы болмаған ата-бабаларымызға қатысты екен. Тиісінше, олар таңертең бір уақытта тамақ іше алмаған. Жалпы, тамақ ішкен кезде олар келесі жолы қашан жеуге болатынын білмеген болуы да мүмкін.
Дене энергия қорын жасауға мүдделі болғаны анық. Яғни, дене тек келесі күні аман қалуды ойлады. Ұзақ мерзімді перспективада денсаулық аса маңызды емес және өмір сүру ұзақтығы жоғары болмайды. Сондықтан түнде артық тамақтанудың зиянын ежелгі адамдар білмеген.
Т. Раушанұлы