- Негізгі бет
- Жаднама
- Неліктен іштің жоғарғы...
Неліктен іштің жоғарғы оң жағы ауырады: дәрігерлер 6 негізгі себебін атады
Іште пайда болатын кез келген ауру жедел жәрдем шақыруды қажет етеді. Мұндай симптом қауіпті ауру туралы ескертуі мүмкін, ал егер сіз дәрігерге уақытында бармасаңыз, ауруды емдеу уақытын өткізіп аласыз.
Іштің кенеттен ауыры көбінесе қыжыл немесе гастритке байланысты, бірақ, мысалы, асқазан жарасының қан кетуіне, аппендицитке және тіпті перитонитке байланысты болуы мүмкін. Егер сіз бір күн бұрын майлы тағамдарды көп жесеңіз, онда асқазанда ауырлық пен ыңғайсыздықтың пайда болу ықтималдығы жоғары. Ал ішекте газдың жиналуы ісінуді тудырады.
Дегенмен, асқазанымыз қатты ауырғанда дәрі ішіп, біраздан соң жазылады деп ойлаймыз. Ал, шындығында, жедел жәрдем шақырған дұрыс, өйткені іште кенеттен өткір ауырсынудың пайда болуы көбінесе қауіпті белгі болады.
Ең жиі кездесетін шағымдардың бірі – іштің жоғарғы оң жағының ауруы. Сарапшылардың пікірінше, бұл бірнеше себептерге байланысты болуы мүмкін.
Асқазан қыжылы
Бұл ең көп таралған және зиянсыз себеп болуы мүмкін. Адам қыжылдан зардап шеккенде, ол өзін жайсыз сезінеді.
"Қыжыл ас қорытудың бұзылуы, асқазанда күю сезімін және ауыздағы қышқыл дәмді тудыруы мүмкін. Адам кеудеде немесе іште қысымды сезінеді, ол кекіргеннен кейін жоғалады", - дейді дәрігер Рошаан Салуджи.
COVID-19
Өкінішке қрай, коронавирус жойылған жоқ. Вирус мутацияға ұшырап, адамдарға жұғып, жаңа штамдар мен жаңа белгілер пайда болып жатыр. Дегенмен, өткен жылы науқастар ішінің қатты ауырсынуына, жүрек айнуына, диареяға, құсуға шағымданған. Тексеруден кейін дәрігерлер адам COVID-19 жұқтырған деген қорытындыға келді.
Енді бұл симптомды елемеуге болмайды, әсіресе сізде асқазан-ішек жолдарының проблемалары болса, мысалы, созылмалы гастрит. Өйткені, инфекция ең әлсіз жерлерге шабуыл жасайды, сондықтан алғашқы белгілер улануға ұқсас болуы мүмкін.
Бауыр фиброзы
Бауырдағы аурулар симптомсыз болады. Ал егер ауыра бастаса, шұғыл медициналық көмек қажет.
Бауырдағы майдың жиналуы ағзаны зақымдап, қабынуға әкеледі. Егер сізде фиброз деп аталатын майлы бауыр ауруының дамыған түрі болса, іштің жоғарғы оң жағында ауырсыну болуы мүмкін.
Бауыр фиброзымен ауыратын адамдарда болатын белгілер:
• іштің жоғарғы оң жағы ауырады (қабырғаның төменгі жағы);
• қатты шаршау;
• салмақ жоғалту;
• әлсіздік пен апатия.
Өт қабындағы тастар
Статистикаға сәйкес, өт тас ауруымен ауыратындардың саны әр 10 жыл сайын шамамен 50 пайызға артады. Әйелдер немесе ерлер неғұрлым егде болса, өт тас ауруының даму ықтималдығы соғұрлым жоғары болады.
Өт тас ауруы бар адамдардың көпшілігінде ешқандай белгілер байқалмайды. Оның белгілері байқалмайды. Олар әдетте ультрадыбыстық немесе рентген зерттеу кезінде анықталады.
Бірақ кейде іштің жоғарғы бөлігінде ауырсыну майлы, қуырылған тамақтан кейін пайда болады.
Бүйрек проблемалары
Бүйректе тас болған жағдайда ауырады. Тас бүйректен шыққан кезде адам өте қатты ауруды сезінеді. Бұл процесс бірнеше сағат немесе күн орын алуы мүмкін.
Қатерлі ісік
Іштің оң жақ жоғарғы жағының ауруы ұйқы безінің қатерлі ісігіне күдік тудыруы мүмкін дейді дәрігерлер.
Әрине, ұйқы безі басқа себептермен ауыруы мүмкін және олардың арасында қатерлі ісік бірінші орында емес.
Т. Раушанұлы