- Негізгі бет
- Жаднама
- Неліктен оятқыштан бұрын...
Неліктен оятқыштан бұрын тұрып аламыз?
Кейде өз-өзімізбен оянып кетіп, сағатқа қарасақ, оятқыштың шырылдауына әлі бірнеше минут барын түсінеміз. Енді кішкене ұйықтай тұрайық десек, ұйықтай алмай қаламыз.
Ол денеміз түпсаналы деңгейде өмір сүретін ішкі сағаттарға байланысты. Бұл ішкі сағаттар немесе ғылыми түрде атасақ, цикрадты ырғақтар кез келген әрекетке қатысты уақыт сезімін реттейді және біздің әлемді қабылдауымызды басқарады. Егер күннен күнге бір әрекеттерді орындай берсеңіз, сіздің тәртібіңізде өзгеретін нәрсе аз болса, ішкі сағаттар жоғары дәлдікпен жұмыс істейтін болады. Уақыт өте ми ырғаққа үйренетіні соншалық, оларды өз сағаттары бойынша алдын ала біліп отырады. Бұл жағдайда оятқыш қауіп немесе назар аударуды қажет ететін нәрсе ретінде қабылданып, ми оған дейін оянуды шақыруға тырысады. Ол үшін ол сергектік сезінуге қажетті ақуыздар бөледі. Оятқышқа қарағанда ішкі сағаттар бойынша ояну жеңіл. Өздігімізден оянсақ, біз өзімізді жақсырақ сезінеміз. Циркадты ырғақтардың жақсы жұмыс істеуіне күнде бір уақытта жатып, бір уақытта ояну көмектеседі.
А. Жапатова