- Негізгі бет
- Жаднама
- Неліктен қарнымыз ашқанда...
Неліктен қарнымыз ашқанда ашуланамыз?
Кейде тамақ ішуге уақыт болмай қалады. Сондай кездері әр нәрсеге ашуланатыныңызды байқадыңыз ба? Бұл кең тараған реакция. Бұл тамаққа тәуелділік пе? Әлде оның себебі басқа ма?
Оның себебі біздің физиологиямызға байланысты. Біз энергияны ақуыздар, майлар, көмірсулар, аминқышқылдар және бос май қышқылдарынан аламыз. Соңғы тамақтанудан кейін қаншалықты көп уақыт өтсе, қанда қоректік заттар соншалықты аз таралады. Сондай-ақ глюкоза деңгейі төмендейді.
Ми — көп энергияны қажет ететін «ерке» орган. Ол барлық энергияның төрттен бір бөлігін тұтынады және қоректік заттардың жетіспеуін ең бірінші сезеді. Бұл жағдайда ол өзін кәмпит сатып алуды талап етіп, айқайлайтын, жылайтын немесе жерге жатып алатын ерке бала секілді ұстайды. Бір жағынан, ол қоректік заттардың жетіспеуін қауіп ретінде қабылдайды. Сондықтан ми ағзаға күйзеліс гормондары — кортизол мен адреналинді үсті-үстіне жаудырады. Бұл жағдайда әр адам физиологиясына байланысты өзін әртүрлі ұстайды: біреулер ашулы және дөрекі болып кетсе, басқаларының көңіл күйі болмай, жабырқаңқы жүреді.
А. Жапатова