Тойда қызықты сәттердің бірі гүл лақтыру. Қазір бұл рәсім біздің қоғамда да кеңінен тарап, тіпті, кейбір қыздардың оны асыға күтетіні өтірік емес. Алайда британиялық корольдік хаттама тойдағы бұл әрекетті алып тастаған. Оларда онымен байланысты басқа дәстүр бар. Дәстүр бойынша, корольдік тойдан кейін қалыңдық гүлі құрбан болған жауынгерлердің құрметіне Вестминстер абаттығындағы белгісіз сарбаздың қабіріне қойылуы керек. Бұл дәстүрді алғаш рет Елизавета ханым енгізді. Ол 1923 жылы өзінің той гүлін Бірінші Дүниежүзілік соғыста қайтыс болған ағасы Фергюстің қабіріне қойды. Бұл дәстүрді Ди ханым, Кейт Миддлтон, Меган Маркл және Евгения ханшайым да жалғастырды. Ди ханымның гүлі өте үлкен еді. Оның салмағы шамамен үш килограмдай болған. Оған ақ гардения, стефанот, фрезия, орхидея, меруертгүл және Маунтбаттен раушаны кірді. Герцогиня Кэтриннің гүлі қарапайым болды және оның негізін меруертгүлдер алды. Сонымен қатар, онда сүмбіл мен түрік қалампыры болды. Оның гүлі Вестминстер аббаттылығындағы белгісіз сарбаздың қабірінде жастықтың үстіне қойылды. Герцогиня Меганның гүлі де қабірге қойылды. Меганның гүл шоғының арасында Диана ханшайымның сүйікті ботакөз гүлдері, сонымен қатар, ханзада Гарридің Кенсингтон сарайынан өзі жинаған гүл шоғы болған. 12 қазан күні британиялық корольдік отбасыда Евгения ханшайым мен кәсіпкер Джек Бруксбэнктің тойы болды. Евгения ханшайымның гүл шоғырына меруертгүлдер, стефанотис, ақ раушан, көк ошаған, шырмауық және мирт кірді. Евгения ханшайым да бұл дәстүрді жалғастырды.