Біз күнделікті өмірде көп дүниенің парқына бармай, аңдаусызда шалыс басып, қателікке ұрынамыз. Адамның басты кемшілігі – өзіндегісін көрмей, өзгеден көруі. Мәселен, өзінде бар болса да, өзгенікін артық көру немесе өзіндегіге көз жұмып, өзгеге кінә арту. Бұл әр адамның бойында бар. Өмірде не қиын, не оңай екенін білесіз бе? Білмесеңіз, мыналарды оқып, ой түйіп көріңіз...
1. Өзгенің қателігін жазғырған — оңай, өз қателігіңді мойындау — қиын.
2. Өзгені сынаған — оңай, өзіңді жақсарту — қиын.
3. Өзгені ренжіткен — оңай, кешірім сұрау — қиын.
4. Ойланбай сөйлеген — оңай, тіліңді тартып қалу — қиын.
5. Әр түні армандаған — оңай, сол арманды жүзеге асыру — қиын.
6. Жеңісті көрсеткен — оңай, жеңілгеніңді абыроймен көтеру — қиын.
7. Сүрініп құлаған — оңай, тұру — қиын.
8. Өмір сүрген — оңай, оның шынайы мәнін білу — қиын.
9. Қателескен — оңай, қателескеніңді білу — қиын.
10. «Жақсырақ болам» деп ойлаған — оңай, оны іске асыру — қиын.
11. Өзгелерді жамандаған — оңай, оларды ақтап алу — қиын.
12. Үйлену — оңай, үй болу — қиын.