- Негізгі бет
- Жаднама
- Назарыңызды басқарудың 7...
Назарыңызды басқарудың 7 тәсілі
Адамның ең үлкен күресі – өзі. Өзімен-өзі іштей күресе отырып, ішкі «менін» жеңіп, мақсатқа ұмтылған адамның болашағы жарқын. Ол үшін адам өзін басқара алуы керек, назарын белгілі бір бағытқа бұруы керек, сол кезде жұмыс өнімі де артады.
1. Назарыңызды «ақша» деп қабылдаңыз
Назарыңызға ақшаға қарағандай қараңыз. Ең маңызды нәрсеге назар салыңыз. Яғни, әр сәтті ақша деп санаңыз. Пайдасыз, ақша әкелмейтін іске бас ауыртпаңыз. Не нәрсеге назарыңызды аударып, жаныңызбен берілгеніңізді аңғарыңыз.
2. Күніңізді электронды құрылғыларсыз бастаңыз
Таң атпастан адамдар ұйқысынан тұра салып, тіпті жуынбастан бар назарын телефонға не компьютерге салады. Жағымсыз жаңалықтар оқып, мидағы нейрондарға ең бірінші сәтсіз ақпараттар беріп, толтырып тастайды. Ең дұрысы жоспар жасаған дәптеріңізден не кітаптан бастаңыз. Телефонға үңілгеннен әлем өзгеріп кеткен жоқ. Тек пайдасыз ақпараттар легі ғана.
3. Сіз үшін ең маңызды іске назар салыңыз
Мақсатқа жету жолында бірнеше түрлі мақсаттар пайда болады. Бұл жақсы. Дегенмен өзіңізге белгіленген, өзіңіз көздеген мақсатқа жету үшін бір нүктемен ғана жұмыс жасаңыз. Ісіңіз және табысыңыз өнімді болуы үшін мұның маңызы зор.
4. Жан-жағыңызды артық заттан таза ұстаңыз
Бұл бір қалыпты жұмыс істеуге кедергі жасайды. Мәселен қасыңыздағы телефон, кітап немесе өзге де заттарды алып тасаңыз. Тіпті ғаламтор ашып отырған парақшаңыздағы бірнеше айдарлар мен беттерді де жауып тастаңыз. Тек бір нәрсеге назар салыңыз.
5. Демалуды ұмытпаңыз
Міндетті түрде арасында демалуға уақыт табыңыз. Егер табиғт аясына шығып тек суретке түсіп соны әлеуметтік желіге салуға асыққан болсаңыз, бұл демалыс емес. Керісінше барлық техниканы далаға тастап, далаға еркіндікке шығыңыз. Шынайы әрі таза ауада өзіңізбен қалып, отбасыңызбен бірге демалғаныңыз абзал.
6. Ертеңге күнге жоспарды бүгін жасап қойыңыз
Ертесімен сол күн үшін алаңдап, назарды қайта-қайта басқа жұмысқа салмайсыз. Себебі алдыңызда дайын әрі сақталу керек жоспар бар. Алаңсыз жұмыс жасайсыз.
7. Ең керек нәрсе не екенін білесіз бе?
«Жоқ» деп жауап беріп үйреніңіз. Бәріне «иә» барамын, «келістім» деп келісім бере бермеңіз. Өзіңізді де ойлаңыз. Ескеріңіз. Себебі көңілшектің сіздің өзіңізді құртып бітеді.
М. Ақан