- Негізгі бет
- Жаднама
- Наполеонның қорқынышы...
Наполеонның қорқынышы
Пауло Коэльоның тәмсілдерін назарларыңызға ұсынамыз. Бір қажетіңізге жарап қалар деген ойменен.
* * *
Наполеонның қорқынышы
Жап-жас Наполеон Тулондағы зеңбірек қарша бораған ұрыстардың бірінде жел үстінде қылкөпірде тұрған адамдай тұла-бойы қалшылдап, қалтырап тұрыпты. Мұны көрген әскердің бірі екіншісіне тіл қатып жатыр дейді:
- Түріне қарашы, ол өлімнен қорқады.
Сол сәтте Наполеон да әредік жерден дауыстарын естіп қалып, былай деп тіл қатқан көрінеді:
- Иә, мен қорқамын. Бірақ мен алысудамын. Егер сіздер де дәл мендегі қорқыныштың бір тамшысын сезінген болсаңыздар, онда бірден қашып кетер едіңіздер.
Ұстаз ұйғарымы: "Қорқынышты жүрексіздіктің бір белгісі деуге келмес. Осы бір қорқыныш өмірлік қиын сәттерде жігерлі және лайықты ер болуға жетелемек. Иә, қорқынышқа ерік бере отырып, сол сәтте оған іс-әрекет қылған адам өз батырлығын дәлелдеп шығады. Ал қиын сәтте қауіп-қатермен санаспаған адам баласы тек өз басының жауапсыздығын танытпақ.
* * *
Сивилдің кітаптары
Ежелгі Римде "Сивилдер" деп аталып кеткен сәуегейлер тобы Рим империясының болашағы жайлы тоғыз кітап жазады. Әлгі кітапты Рим императоры Тиберийге әкеліп беріпті.
- Олар қанша тұрады? - деп сұраса Рим императоры, әлгілер:
- Жүз алтын кесек тұрады, - деп бағасын айтады.
Рим императоры Тиберий сол сәтте бұлқан-талқан ашуланып, "Сивилдерді" сарайдан қуып шыққан екен. Ал "Сивилдер" болса тоғыз кітаптың үш кітабын өртеп жіберіп, император алдына қайтап барыпты.
- Олар қазір де жүз кесек алтын тұрады, - деп мәлімдейді.
Тиберий күліпті де, бас тартыпты: Неліктен алты кітапқа тоғыз кітаптың құнын төлеуі керек? "Сивилдер" арада тағы үш кітапты өртеп жіберіп, қалған үш кітаппен сарайға аттанады.
- Бағасы - әлі де жүз кесек алтын, - дейді олар.
Таңырқасын жасырмаған Тиберий ақыры төлеуге бел буған. Бірақ, ол өз Рим болашағының бір жартысын ғана оқуға мүмкіндігі қалған еді.
Ұстаз ұйғарымы: "Өмірде мүмкіндік болып жатса, саудаласпаған маңызды".
* * * *
Қатты жел
Жолаушы Сцетедегі монастырға бас сұғыпты.
- Мен өз өмірімді жақсартқым келеді, - депті ол. - Бірақ мен өзімді күнәлі ойлардан тазарта алмай жүрмін.
Монастырдағы ұстаз сырттағы қатты желге құлақ түріп, жолаушыға былай деген екен:
- Мұнда кішкене қапырық болып тұрғаны. Егер бөлмені желдетуге сыртта соғып тұрған желдің бір бөлігін әкеліп берсең, мен саған разы болар едім.
Жолаушы бірден:
- Бұл мүмкін емес қой, - деп шу ете қалады.
Монах болса, ақырын ғана тілге келіп:
- Құдайға жат ойлардан, міне, сондықтан да арылу қиын. Бірақ, егер сен азғыруға "жоқ" деп жауап қата алатын болсаң, онда олардан еш жамандық келмейтін болады - депті.
сурет: fact-planet.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига