- Негізгі бет
- Жаднама
- Нағыз көктемнің 7...
Нағыз көктемнің 7 ісі
Наурыз мерекесін жақсы атап өткеніңіз сонша, туыс не достарыңыз арасында біреуді құттықтауға ұмытып қалдыңыз ба? Уайымдамаңыз! Ата-бабаларымыз Наурыз мейрамын бір ай бойы тойлайтындығын білдіңіз бе? Ендеше, еш ұялмастан әлі бір ай бойы қонаққа барып, туыстарыңыз бен достарыңызды Наурызбен құттықтап, Наурыз көже сұрауыңызға болады. Айтпақшы, сыйлықтар жайлы да ұмытпаңыздар. |
Астанада өтіп жатқан блогшылардың екінші құрылтайына бардыңыз ба? Барған болсаңыз, алған әсеріңіз жайлы Массагетте блог жазып, ойыңызбен бөлісуді ұмытпаңыз! |
27 Наурыз Бүкіләлемдік Театр күні. 1961 жылы бастау алға бұл мейрам театр өнеріне құмар жандар арасында тойланады. Ал сіз бұл мерекені театрға барып, жақсы қойылымды тамашалаумен атай аласыз. |
Наурыз мерекесінің Алматыда және Астанада қалай тойланғаны жайлы мақалаларды көріп шығыңыз. Арасынан өзіңізді байқап қалсаңыз, таң қалмаңыз. |
Киім сөрелерін ақтарып, көктемгі-жазғы заттарды шығарыңыз. Ұзын суықтарда ұмытылған талай сәнді киімдеріңізді табатын шығарсыз. Оларды бір жуып, келе жатқан жылы күндерге дайындаңыз! |
Жұмысыңыз әбден шаршатты ма? Одан шығамын деп ойлнып жүрсіз бе? Достарыңызбен ұрсысуға дайынсыз ба? Не сүйіктіңізбен айырылысамын деген шешім қабылдап қойдыңыз ба? Ашуланғанды қойыңыз! Бұл ойлардың бәрі көктемдік депрессияның әсері болар. Сондықтан сабыр сақтап, бұл кезді еш оқиғасыз өткеруге тырысыңыз. |
Өз қолыңызбен бірдене істеп көріңіз. Кез келген нәрсені болса да. Сүйікті жұбайыңызға массаж, отбасыңызға дәмді кешкі ас, биссерден тігілген жаңа аксессуар... Бастысы, өзіңіздің бұл іске шамаңыз келеді екендігіне сеніңіз! |