- Негізгі бет
- Жаднама
- Мұздатқаннан кейін қандай...
Мұздатқаннан кейін қандай тағамдар уға айналады?
Жазда әртүрлі өнімдерді мұздатқышқа салып сақтаймыз. Көптеген адам маусымдық көкөністерді, шөптерді, жемістер мен жидектерді осылай сақтауға тырысады. Мұздатылған кезде өнім – дәрумендерді, минералды компоненттерді, сондай-ақ маңызды қоректік заттарды сақтауға қабілетті. Сонымен қатар, жеміс-жидектердің антиоксиданттық қасиеттеріне суықтың оң әсерін дәлелдейтін зерттеулер бар.
Бірақ солай бола тұра мұздатылған тағамның зияны да бар дейді мамандар. Мұздатылған кезде қандай өнімдер денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін екенін терапевт, гастроэнтеролог Сергей Лопатин Doctorpiter-ге берген сұқбатында айтты.
Дәмі мен түрін жоғалту
Құрамында суы көп көкөністерді мұздатуға болмайды. Олар: қияр, қырыққабат, кәді. Мұндай тағамдар мұздатқыштан кейін дәмін жоғалтады.
Жаңа піскен салат жапырақтары еріген кезде қышқыл болады. Картоп дәмін өзгеріп, тәтті болады. Себебі, төмен температурада оның құрамындағы крахмал қантқа айналады.
Сақтау тәсілі
Мұздатылған тағамның қауіпсіздігіне қатысты тағы бір маңызды оны сақтау тәсілі. Тағамды мұздатқышқа салып, кейін оны алып еріткеннен кейін қайта мұздатуға болмайды. Мұндай кезде өнімнің барлық пайдалы қасиеттері жойылады.
© tengrinews.kz
Қай өнімдерді мұздатуға болмайды?
Үш өнімді мұздатуға қауіпті. Біріншісі – жұмыртқа. Тоңазытқышта мұздатылған кезде жұмыртқаның ішіндегі сұйық ақуыз ісініп, қабығы жарылады. Тіпті кішкентай зақым патогендік бактериялардың енуі мен көбеюі үшін құнарлы жер болады.
Екіншісі, ірімшіктерді мұздатуға болмайды. Мұздатқышта олардың құрылымы толығымен өзгеріп, дәмін жоғалтады. Мұндай өнімдерде бактериялар жиналады және олар мұздатқышта өлмейді.
Үшіншісі, мұздатылып еріген етті, құс етін, балық етін және теңіз өнімдерін қайта мұздатуға қатаң тыйым салынады. Мұндай өнімдерде де патогендік бактериялар көбейеді, бұл инфекцияларды тудыруы мүмкін. Еріген кезде олар оянады және денсаулықты айтарлықтай зиян келтіреді.
Айтпақшы, мұздатылған ет тағамдық қасиеттері жағынан да пайдалы емес. Екі рет жібіту оның құрамындағы ақуыздың бұзылуына әкеледі.
Т. Раушанұлы