- Негізгі бет
- Жаднама
- Мінсіз жардың 20...
Мінсіз жардың 20 ережесі
Кейде көше бойынан көз алмай мәңгілік қарап тұра беруге болатын әйелді жолықтырамыз. Бір қызығы, мұның әдемілігіне немесе атақты дизайнерлердің тіккен киімін киюіне ешқандай қатысы жоқ. Ал сонда себебі неде деп отырған шығарсыздар? Бар болғаны бұл нәзік жандылар өздерінің қыз баласы болып туылғанына қуанып, бар мүмкіндіктерін пайдаланады. Ал мінсіз жардың қандай ережесі бар екенін білесіз бе? Оны бізден үлкен әжелеріміз білсе де, бүгінгі жастар ұмытқан. Олай болса, осы алтын ережелерді бірге есімізге түсіріп көрейік.
1. Ер адамдар баяу қартаяды дегеніміз аңыз. Оны еркектердің өзі ойлап тапқан болса, таң қалмаңыз.
Әйел адамның иығына үй шаруасы, қосымша ақша табу, психологиялық сынды ауыртпалықтар жүктелген. Осы секілді қиындықтарына қарамастан, жақсы әйелдер ерінбей әрдайым өзін күтіп ұстайды.
Егер әйел адам кездейсоқ кездесуде мінсіз болып көрінгісі келсе, үнемі солай жүруі керек. Тіпті, 5 минутке дүкенге барып, қоқыс төгуге шықса да. Әсіресе, сұлу болып жүруді әдетке айналдырып жүретін жандардың жолы болғыш келеді.
2. Жақсы жар күйеуінің туысқандарын ерекше сыйлап, ата-енесіне қамқорлық танытады. Өз туысы мен күйеуінікінің арасын бөліп-жармайды.
3. Жақсы жар еркектің жұмысын өзі атқаруына мүмкіндік береді. Әйтпесе, әйел адам өзін қамқорлықсыз қалғандай сезінеді.
4. Жақсы жардың өнері. Әйел үстіндегі киімін өзі тоқып, өзі тіксе де, бұл өнерін ешкім білмеуі тиіс.
5. Өзгенің ісіне аз араласатын әйел өзіне ұнайтын іспен айналысуға көбірек уақыт табады.
6. Жақсы жардың ақшаға деген көзқарасы жеңіл болады. Егер күйеуі көп ақша әкелсе қуанады, аз болса, барды қанағат тұтып, жарының мазасын алмайды. Бірақ отбасы бюджеті аз болса да, жақсы әйелдің бір киер киімі бүтін болады.
7. Жақсы жар өз үйінде затын ерекше күтсе де, қонаққа барғанда дұрыс қарамадың деп мін айтпайды.
8. Жақсы жар біреумен сөйлесіп отырған кезде сұраққа жауап бергісі келмесе, жәй ғана жымиып, үндемейді. Бұл жауапты көпшілік дұрыс қабылдайды.
9. Жақсы жар кез келген тақырыпта әңгіме жүргізе алатындай білімді болады. Білімді болу деген, міндетті түрде ЖОО қабырғасында оқу деген сөз емес. Әдеби кітаптарды оқыса да жеткілікті.
10. Жақсы жар артықшылығын бірден көрсетпейді. Басында оның қасиетін толық бағаламағаны өзіне жақсы.
11. Жақсы жар өзінің бағасын білсе де, оны айтып жар салмайды.
12. Жақсы жар өмірінде маңызды деген дүниелерді жиі өзгертіп тұрады.
13. Көпшіліктің назарында жүретін адамның артынан өсек сөз міндетті түрде ереді. Бірақ, біз сізге еңсеңіз түспесін дейміз. Өсек сөз айтушылардың қатарында болғанша, олардың объектісі болып жүре берген артық.
14. Жақсы жар отбасы мүшелері мен өзінің денсаулығын міндетті түрде дұрыстап отырады.
15. Жақсы жар дауыс көтеріп ұрсыспай, барлығын ақылға салып шешеді.
16. Жақсы жар үйін әрдайым таза ұстайды.
17. Жақсы жар той-томалаққа барғанда ашық-шашық киініп, күйеуін ұятқа қалдырмайды.
18. Жақсы жар балаларын өнерге баулиды.
19. Жақсы жар өзінің мансап жолын қалыптастырады.
20. Жақсы жар өзінің әйел болып туылғанын мақтан тұтады!
Дайындаған: Томирис Сағындық
Сурет: вк желісінен
Қ. Бүйенбай