- Негізгі бет
- Жаднама
- Мінездің құпиясын ашамыз...
Мінездің құпиясын ашамыз
Адам мінезі – ұғып болмайтын жұмбақ дүние. Бірде көл, бірде шөл мінезді адамдарды түсіну өте қиын. Ал біреуді балағаттап, жүйкеге тиюді қатты жақсы көретіндер оның мінезінің шатақ екенін көрсетеді екен. Тағы да осындай қызықты деректерге назар аударыңыз.
– Ағзасында тестостерон деңгейі көп адам өзгелерді ашуландыру арқылы ләззат алады.
– Өзіне сенімсіз адамдар өзгелердің дәрежесін түсіріп, оларды балағаттау арқылы бұл мінездерінен арылғысы келеді. Мысалы, IQ тестін нашар тапсырғанын естіген студенттер ұлттық және діни қақтығыстар туралы көп айтатын жандар екені анықталған.
– Адамдар психолог мамандардың "Төмен дәрежелі адамдар ғана өзгелер туралы жаман пікір мен өсек айтады" деген пікірімен келіспейді. Шындығында олар өзгелердің дәрежесін түсіріп, ұялту арқылы өздерін жоғарылатқысы келеді.
– Адам мінезіне дененің ауырлықты сезінуі әсер етеді. Сонымен қатар, маңыздылықтың, ауырлықтың және салмақтылықтың өзара айырмашылықтары бар. Мысалы, жаңадан жұмысқа тұрушы түйіндемесін ауыр папкіге салып берген кезде салмақты жан болып көрінеді. Яғни папканың салмағы белгілі бір рөл атқарып тұр.
– Табандылық пен қатыгездік адамды иілгіштік қасиетінен айырады. Ағаш немесе темір орындықта отыратын адамдар келіссөз кезінде ұсыныстан бас тартуға бейім келеді. Суық жалғыздықты, кедір-бұдырлық қиындықты меңзейді.
– Адамдар өтінішті бетпе-бет келіп сұраған кезде одан бас тартпайды. Ал өтінішті хат, телефон немесе өзге адам арқылы білдірсе, керісінше жылдам бас тартады.
– Өтірік айту үлкен еңбекті талап етеді. Себебі, адамдар бір уақытта құрастырып жатқан өтірігін айтып қоймас үшін шындығын жасыруларына туралы келеді. Нәтижесінде өте қысқа сөйлемдерді пайдаланып, қобалжи бастайды.
– Aдамдар біреу бақылап тұрған кезде өздерін жақсы жағынан ғана көрсетуге тырысады. Мысалы, келушілер ыдыстарын жинап кетуі үшін асханаға көздің суретін іліп қою жеткілікті.
Г. Берік