- Негізгі бет
- Жаднама
- Минус 500! Арықтау...
Минус 500! Арықтау бойынша рекорд қойған 5 адам
Арықтаудың оңай емес екенін көпшілік біледі. Оған қоса, бастапқы салмағы өте көп болса, арықтау, тіптен, қиын. Бірақ әлемде өз денсаулықтары үшін арықтауды қолға алып, рекорд қойған адамдар бар.
Мануэль Урибе Гарза
bigpicture.ru
2001 жылы бұл мексикандық жігіттің салмағы 587 кг болды. Ол төсектен тұра алмайтын және басқа адамдарға үйреншікті нәрселерді жасай алмайтын. 2007 жылы оны 560 кг салмағымен әлемдегі ең ауыр адам деп мойындады.
Мануэль теледидар арқылы көмек сұрады. Оған салмақты хирургиялық жолмен азайтуға көптеген ұсыныстар түсті. Бірақ ол мұндай қадамға бел буа алмады. Сондықтан ол дұрыс тамақтану арқылы арықтауды қолға алады.
Ол үшін құрамында ақуыздары мен басқа қоректік заттары бар арнайы диета жасалды. 2008 жылға қарай Мануэльдің салмағы 381 кг-ға дейін түсті. 2011 жылдың наурызында ол 187 кг-ға дейін арықтады. Бұған диета мен физикалық жаттығулар ықпал етті.
Кэрол Райт
diets.ru
АҚШ тұрғыны Кэрол Райт екі жылда 130 кг-нан арыла алды. 2009 жылы оның салмағы 200 кг болды, ал бойы — 162 см. Дәрігерлер Кэролға артық салмақ оның өміріне қауіп төндіріп тұрғанын айтты. Егер ол арықтауды қолға алмаса, оның екі жылдай ғана уақыты қалғанын ескертті.
Кэрол оның салмағының денсаулығына жағымсыз әсер етіп жатқанын өзі де түсінетін. Себебі ол серуендеуге шығуға қиналды, оның жүрегі ауыра бастады, асқазан, аяқ және бел проблемаларын сезді.
Кэролға арықтауға курстар көмектесті. Ол жерде Кэрол арнайы таңдалған үйлесімді диетаны сақтап үйренді. Сондай-ақ ол фитнеске және бассейнге баруды бастады және әлі де жалғастыруда. 2011 жылы Кэрол «Жыл арықтауы» атағына ие болды.
Халид ибн Мухсен Шаари
wday.ru
1991 жылы Сауд Арабиясында дүниеге келген жігіт 22 жасында тарихтағы ең ауыр адам болып саналды. Сондай-ақ ол Гиннесс рекордтар кітабына енді. Оның бойы 173 см, ал салмағы 610 кг-ды құрады. Оның рекордын әлі ешкім жаңартқан жоқ.
Халидке арықтауға және денсаулығын құтқаруға Сауд Арабиясының королі — Абдалла бин Абдель Азиз көмектесті. Ол жігітке астанаға келіп, медициналық тексерістерден өтуге бұйрық береді. Дәрігерлер берген арықтау бағдарламасы өз жемісін берді. Ол 2016 жылы жүріс арбамен алғашқы қадамдарын жасады, ал 2017 жылы 68 кг салмаққа жетті. Халид 2018 жылы артық теріден арылтатын отаға жүгінді.
Розали Брэдфорд
superkrut.ru
Американдық бұл әйелді Гиннесс рекордтар кітабына екі рет енгізді. Бірінші рекорд — әйелдер арасындағы қосқан килограмдар бойынша, ал екіншісі — арылған килограмдар мөлшері.
1987 жылы оның салмағы 544 кг болды. Бұлай салмақ қосуына тамақтануда өзін-өзі ұстай алмау себеп болған. Ол өздігінше қозғала алмай қалды және айналасындағыларды өз порциясына қатысты алдауға тырысқан. Мысалы, тамақты ит жеп қойды деп, тағы тамақ сұрайтын болған.
Розалиге арықтау жүйесін диетолог Ричард Симонс ойлап тапты. Диетолог әйел үшін арнайы жаттығулар да ойлап тапты. Алайда ол әйелмен бірінші кездескенде, Розали тек алақанымен шапалақтай алатын болған. Бірақ артық салмақпен күресуге әйелге ойластырылған тамақтану рационы көмектесті. Оны сақтау Розалиге өте қиынға соқты. Ричард әдісінің және бақылауының арқасында әйел 415 кг-ға дейін арықтады.
Брайан Флемминг
4tololo.ru
Брайан Флеммингтің салмағы (АҚШ) 283 кг болды. Ол көп алкоголь ішті және күніне 7000 калория тұтынды. Бірақ оның отбасысында болған қайғылы жағдайдан соң Брайан өз өмірін түбегейлі өзгертуді шешеді. Ол оған арықтауға дұрыс тамақтану көмектескенін айтты:
"Мен дұрыс таңдау жасай бастадым. Фридан бас тартып, оның орнына күріш жей бастадым. Мәзірдегі нақты пунктерді дұрыс түрлеріне ауыстырдым."
Ол үшін ең қиыны алкогольден бас тарту болды, бірақ ол бұл тәуелділікті өздігінен жеңді. Ал өміріне физикалық белсенділік қосу үшін бір орында жүруді бастады, кейін велосипед пен жүгіруді қосты. Брайан 165 кг-ға дейін арықтай алды.
А. Жапатова