- Негізгі бет
- Жаднама
- Миды шынықтыратын қарапайым...
Миды шынықтыратын қарапайым тәсілдер
Ми – латын тілінен аударғанда "encephalon" деп аталатын, орталық нерв жүйесін меңгеру торабы. Мидың дамуы үшін түрлі тәсіл жасап тұру керек. Ол адамның есте сақтау қабілетін жақсартады, белсенділік пен сергек жұмыс жасаудың кепілі болады.
Ақылды болуыңыз үшін біз ұсынған қарапайым он тәсілді жасап тұрыңыз:
Интеллектуалды ойындар
Қалай жұмыс жасайды:
Шахмат, домино, покер сынды ақылдың күшімен ойналатын ойындар адамның логикасын күніне 10%-ға жетілдіріп отырады.
Не істеу керек:
Интеллектуалды ойындарды 2-3 аптада бір рет ойнап тұру керек. Ең бастысы ойынның өсу деңгейіне мән беріп отыру. Себебі ойын күрделі кезеңге өткен сайын мидың белсенділігі арта береді.
Миға керек ас мәзірі
Қалай жұмыс жасайды:
Мидың белсенділігін арттыруға керек белгілі тамақ мәзірлері мен көкөніс түрлері оның дамуына үлкен септігін тигізеді.
Не істеу керек:
Балық, қара шоколад, ірімшік, соя, сарымсақ, банан және ең бастысы алма шырыны. Аталған тағамдар мен жеміс-жидек, көкөністер мидың белсенділігін арттыруға көмектеседі.
Пифагор әдісі: есте сақтауды қалыптастыру
Қалай жұмыс жасайды:
Аталған жаттығу адам миында қанша көлемде болса да ақпарат сақтауға негізделген.
Не істеу керек:
Жұмыс күнінің соңында өзіңізге есеп беріңіз. Парақ алып, оған күні бойы сізге жақсы және жаман әсер қалдырған істерді жазыңыз. Сараптама жасаңыз. Қандай іс сізді ашуға, қандай іс қуанышқа бөледі. Күн сайын қайталау арқылы сіз өз есте сақтау қабілетіңізді арттыруға мүмкіндік аласыз.
Оқу – ең маңызды құрал
Қалай жұмыс жасайды:
Апта сайын әртүрлі кітап оқу арқылы адам өзінің сараптама жасауға бейімдігілін арттырады. Бұл да мидың қызметі.
Не істеу керек:
– Әр елдің классикалық туындылары;
– Жұмысыңызға байланысты кітаптар;
– Алдағы 5-7 жыл ішінде жасалатын жұмысқа байланысты кітаптар;
– Қалған жанрдағы кітаптарды өз қалауыңызға қарай оқысаңыз болады.
Ми ояну керек
Қалай жұмыс жасайды:
Ми күнделікті 7-8 сағат ұйықтау керек. Бұл - оның қалыпты деңгейі. Ұйықтаған кезде мелатонин іске қосылып мидың әлі де жұмыс жасап тұруын қамтамасыз етеді. Ұйықтаған кезде жарықтың жанып тұруы мидың дұрыс тынығуына кері әсер етеді. Сондықтан барынша қараңғы бөлмеде ұйықтауға тырысыңыз.
Не істеу керек:
Қараңғы және тұрақты температурадағы самал есіп тұрған бөлмеде ұйықтау керек. Ол үшін терезені ашып қойған дұрыс. Бұл кезде мидың демалу жылдамдығы артады. Тіпті 30%-ға жетеді.
М. Ақан