Өнім түсі біздің дәм сезінуімізге қалай әсер етеді? Ол оны түбегейлі өзгертеді. Ғалымдар тәжірибе жүргізіп, миды оңай алдауға болатынын анықтады. Бұл әдістітәтті өндірушілер қолданады екен. Ұлыбританиялық нейропсихолог Чарльз Спенс тәжірибе жүргізген. Ол колледж студенттерін шақырып, түссіз бөтелкедегі түрлі жеміс (апельсин, жүзім, алма және лимон) дәмі бар мөлдір сусындардың дәмін көрулерін сұраған. Студенттер шатаспай, мөлдір сусындарының дәмін дәл тапқан. Содан соң ғалым әдейі шатастырып, сусындарға аспаздық бояғыштар қосады. Мысалы, жүзім дәмі бар сусынға қызғылт-сары бояғыш қосады. Студенттер түс әсерінің қақпанына оңай түсіп қалды. Олардың дәм айыру қаиеттері бірден нашарлап кетті. Қызғылт-сары сусынды олар лимонад деп қабылдады. Ғалымдар адамдардың түске әсеріне босқа қызығушылық танытпайды. Өндірушілер түстердің дәм сезу түйсігіне әсерін бұрыннан біледі. Ғалымдар Скиттлз тәттілерін мысалға келтіреді. Олар дәміне қарағанда, түрі мен иісі әртүрлі тәттілер шығарған арзанға түсетінін түсінген. Себебі Скиттлз тәттілерінің түстері мен иісі әртүрлі болғанымен, дәмі бір. Нақты сенсорлық белгілерді өңдеуге бағытталған ми біруақытта сары түсті лимон иісі мен қышқыл дәм ретінде қабылдайды. Тіпті, бұл екі құрауыштың тек бірі бар болса да, ол жетпей тұрғанын өзі толықтырады. Әрине, түрлі дәммен де шығаратын өндірушілер бар. Бірақ компаниялар үнемдегісі келеді, сондықтан олар аз болып келеді. Бұдан миды алдау оңай екендігін көруге болады. Өндірушілер дәмі бір тәттілерді ұсынып, иіспен және түспен ойнауды жалғастыруда. Оларды өзіңіз ажыратып көріңіз.