Өмірде әртүрлі жағдай орын алып жатады. Күйзеліс, шаршау, ренжу, өкпелеу, тағысын тағы... Осындай дүниелерге тап болған жағдайда көпшілігіміз ашушаң бола бастайтынымыз өтірік емес. Шығармашыл жандар бұндай жағдайда не істеу керек?
Шығармашылық жұмыс арқылы ми жұмысын қалыпқа келтіруге болады. Егер сіз осындай сезімдерге жиі кезіксеңіз, онда бірден сурет салыңыз. Сурет салу арқылы кеткен энергияңыздың орнын толтыра аласыз. Қай кезде қандай сурет салу қажет? Біле отырыңыз!
1. Шаршасаңыз – гүлдің суретін салыңыз.
2. Ашулы болсаңыз – сызықтың суретін салыңыз.
3. Зеріккен жағдайда – парақ бетін әртүрлі түспен бояңыз.
4. Көңілсіз кезде – кемпірқосақтың суретін салып көріңіз.
5. Күшіңіз жоғалса – өрнектің суретін салыңыз.
6. Әлденені еске түсіргіңіз келсе – лабиринттің (шытырман) суретін салған жақсы.
7. Қуатыңызды толтыру үшін – пейзаждың суретін салыңыз.
8. Өз сезіміңізді түсінгіңіз келсе – автопортрет салыңыз.
9. Ашу қысса – қағазды кішкене бөлшектерге бөліңіз.
10. Торыққан шақта – жолдың суретін салып көрсеңіз болады.
11. Түңілсеңіз – белгілі бір картинаның көшірмесін салыңыз.
12. Ойыңызды жүйеге келтіру үшін – шаршының (квадрат) суретін салыңыз.
13. Ситуациядан шығу үшін – дөңгелек салыңыз.
14. Мақсатыңызға қарай ұмтылу үшін – нысананың суретін салған абзал.