- Негізгі бет
- Жаднама
- Ми жұмысын арттырудың...
Ми жұмысын арттырудың жолдары
Ғалымдардың пікірінше, адамдар өз миының азғантай ғана бөлігін қолданады. Күнделікті бір ғана жұмысты орындап, өмірі бірсарынды қалыпқа ие адамдардың миы мүлдем дамымай қалу қаупі бар. Сол себепті ми жұмысын арттырып, ақыл мен есті дамытатын бірнеше кеңес топтамасын назарларыңызға ұсынамыз.
1. Жұмыс пен үй арасындағы жүретін жолыңызды өзгертіп отырыңыз. Жол бойындағы дүкен, үйлер мен жазбаларды есіңізге сақтауға тырысыңыз. Мүмкін болса, жаяу жүргеніңіз абзал. Себебі ол денсаулыққа да, мидың жұмысының артуына да тікелей әсер етеді.
2. Қараңғы түскен сәтте, кешқұрым үйіңізде жарықты жақпай, біраз нәрсені ойша тауып көріңіз. Бұл жаттығу зейініңіз бен есте сақтау қабілетін жақсартады.
3. Спортпен шұғылданыңыз.Жүзу, жүгіру және басқа да спорттық белсенділік ми жұмысын жақсартады. Бұл миға келетін қанның көлемін арттырады.
4. Оңқай болсаңыз, сол қолыңызбен әрекет етіп көріңіз. Мәселен, тісіңізді ысқылағанда, қасық ұстағанда немесе тінтуірмен жұмыс жасағанда.
5. Әр күні әр түрлі киім киіңіз. Ғалымдардың пікіріне сүйінсек, адамдардың киіміне қарай ойы да өзгеріп отырады екен.
6. Тәтті ұйқы — тәнге шипа, жақсы ұйқы — есте сақтау қабілетінің кепілі. Түнгі 22:00-де ұйықтап қалуға әдеттеніңіз.
7. Өзіңіздің креативті ойларыңызды шектемеңіз. Жауабы стандартты болатын сұрақтарға басқаша жауап беруге тырысыңыз.
8. Қолыңызға монета алып, оның қанша теңгелік екенін саусақтарыңызбен сипап анықтауға тырысыңыз. Осы бір пайдасы мол жаттығу, әсіресе, кезек күтіп отырғанда іш пыстырмайды.
9. Теледидардың дауысын өшіріп, экрандағы кескіндерге, олардың іс-қимылы мен бет-әлпетінен көрініс тапқан эмоциясына сай, диалог немесе монолог құрастырып көріңіз.
10. Жөнімен айтылған жүйелі сөзді әзілмен әдіптеңіз. Себебі, жаңа әзілдер ойлап табу — миға өте пайдалы.
Дереккөз: jas.kz
О. Сансызбай