Мейрамхана мәдениеті дегеніміз не? Оны ұғу үшін сана мен сезім әрі білімнің керектігі белгілі. Бүгінде жас та жасамыс та атаулы күндерін мейрамханада өткізгеңді дұрыс көреді. Туған күңің немесе басқа да мерекелерді жақын адамымен мейрамханада өткізетін адамдар қатары көп. Ал мейрамханада мәдениеттті болу маңызды...Онда адам өзің қалай ұстауы керек? Нені істемегендері жөң?Оны төмендегі кеңестерден оқи аласыздар.
Мықты мейрамхана немесе дәмхана болса тапсырысты алдын ала беріп қойған дұрыс. Олай болмаған жағдайда қонағыңызға міндетті түрде үстел тауып беруіңіз шарт.
Мейрамхана-ер адам бастап кіретін бірден бір жер. Бір таңдаған ас түрінен айнып тапсырысты түзетпеу қажет. Ас келген кезде оған ашынып қап бекер басқасын таңдамаппын деп айта көрмеңіз. Сусындар мен ішімдіктерге де ер адамдар тапсырыс береді. Үстел басында әйел адам шөлмекті ашып шарап құймайды мұны істеуді ер адамның есіне салады.
Даяшыны айқайлап шақырмаңыз немесе ол келгенде шаңышқыны бокалды тарсылдатпаңыз. Өзі айналып келгенше күтіңіз. Аузыңыз толы тамақ күйінде әңгіме айтпаңыз. Ас сооңында пышақ пен шаңышқыны тәрелкенің бетіне үйдің төбесі сияқты етіп ұштастыра қойыңыз.
Әйелдерге үстел басында опа далаптарын алдына жайып боянуға тарануына болмайды. Ол үшін әйелдерге арналған бөлме болады. Әйел үстел басынан тұрғаннан кейін мейрамханадағы басқа адамдарға арқасымен емес алдымен қарауы керек.