Менің әкем ұлы адам емес, бірақ, оның әр күн сайын қайнатқан кофесі бізге өте дәмді сезілетін. Әр күні таңертең мектепке кетерде ол інім екеумізге кофе қайнатып, иісі мұрныңды жаратын таңертеңгі ас дайындайтын. Менің әкем ұлы адам емес, алайда, шешем шақырса болғаны, ол ас үйде қолғанат болып, өте мұқият жұмыс жасайтын. Менің әкем ұлы адам емес, бірақ, жазуға өте шебер. Оның жазған мақаласын көру маған бір түрлі шаттық, жайлылық беретін. Менің әкем ұлы адам емес, алайда, ол тұрмыста қатты әсерленіп немесе қайғыдан көз жасын төккені болмаса... Бірақ ол маған ер жігіттің көз жасын көрсетпеу керектігін үйретті. Менің әкем ұлы адам емес, алайда, оның маған деген сүйіспеншілігі өзгеше, үнемі ыстық алақанымен сипап, маңдайымнан мейірлене сүйеді. Менің әкем ұлы адам емес, алайда, үнемі спорттық клубқа барып, өзі осы ойыннан еш хабары жоқ болса да, баскетбол ойнағанымды тамашалайды. Мен қажырлылықпен жаттығып, алға басу арқылы оның көңілінен шығуға тырысамын. Менің әкем ұлы адам емес, ол велосипед мінуді белмесе де, мен велосипед мінуді үйренген кезде оның артқы жағынан сүйеп жүретін, мен тепе-теңдікті сақтағанша қоя бермейтін. Менің әкем ұлы адам емес, бірақ, басқаларға: «Мынау менің ұлым!» деп таныстырғанда, оның жүзінен мақтаныш лебі есіп тұратын. Менің әкем ұлы адам емес, тек мен тыңдауға пейіл болсам болғаны, ол маған әңгіме айтудан, ертек айтудан ешқашан тоқтамайтын. Менің әкем ұлы адам емес, бірақ, бұл маңызды емес, менің әкем қарапайым адам, дегенмен, ол өте адал, жаны мейірімге толы жан.
Шынымен де, менің әкем ұлы адам емес, бірақ, ол ұлын таныған, ұлылықты таныған жан. Ұлылықтың қарапайымдылықтан асқанын көрген ұлы адам жоқ та шығар?!
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз