Антуан де Сент-Экзюперидің "Цитадель" кітабынан дәйексөздер келтір кеткім келіп отыр. Мүмкін, сіздің іздеп жүрген сөзіңіз осы шығар, мүмкін...
* * * *
Өз басым сөзге назар аудармаймын, менің білуімше, олар - маңдайшадағы жазулар және оларды әркез оқу қиын.
* * * *
Білімдарлық пен адамгершілік – екеуі екі нәрсе, адамды білім асылдандырмайды, білімді жинақтайтын қайырымды құрал асылдандырады.
* * * *
Әр жолғы өрлеу азапқа толы. Қайта туу жанға батады. Азаптанып алмай, өз басыма музыканы есту мүмкін емес. Жан азабы, күш-жігер музыка дауысын естуге көмектеседі.
* * * *
Бір жерге келу емес, жүру маңызды, әйтпесе, біздер тек өлімге келеміз.
* * * *
Сот қазысы үшін әділдік деген - ортақ заңдылыққа қол созғанның көзін жою.
* * * *
Жүрек пен дене арқылы өтелмегендер бағалы есепті сезілмейді.
* * * *
Жетістік көптеген сәтсіз күш-жігерден кейін туылады.
* * * *
Әуестікті жоққа шығаратын жауап та жоқ.
* * * *
Тірі жүргендердің барлығы өлімнен қорқады. Олар алдағы кездесуден күні бұрын үрейлі. Және, сеніңіз, өмірде бірде-бір рет өлгелі жатқан жанның өлімнен қорыққанын көрген емеспін.
* * * *
Мен адамның бойындағы сәулені жақсы көремін. Сәуленің қалыңдығы мені ойландырмайды. Шамның жақсы екендігі жалынынан көрінеді.
Сурет:hmdb.tistory.com
Дайындаған: Фараби Арыстанбек