Мемлекеттік қызметкер журналистерге сұхбат бергенде нені білуі керек?

Мемлекеттік қызметкер журналистерге сұхбат бергенде нені білуі керек?
Фото: freepik.com

"Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры 2014 жылы "Что нужно знать, работая с журналистами. Пособие для госслужащих" (Журналистермен жұмыс істегенде нені білу керек? Мемлекеттік қызметкерге арналған нұсқаулық) атты оқу құралын шығарды. Оның авторы Ганна Красильникова журналистермен жұмыс істеудегі Боленнің, Дэвид Ньюсонның, Кент Обидің ережелерін ұсынады.

Баспасөзбен қарым-қатынас жасаудағы Боленнің 7 ережесі

1. Баспасөзге байыппен қараңыз. Олар – кәсіби мамандар және оларға кәсіби адам ретінде қарым-қатынас жасау керек.

2. Баспасөзге ешқашан өтірік айтпаңыз. Егер жалған сөйлеген болсаңыз, өтіріктің салдары ауыр болуы мүмкін.

3. Баспасөзге барлығын жайып салу міндетті емес.

4. "Ал егер...?" деген сияқты гипотезалық сұрақтарға ешқашан жауап бермеңіз.

5. Әлі де талқыланып жатқан мәселеге пікір білдірмеңіз.

6. Біреуге жала жаппаңыз.

7. Егер сұраққа жауап бере алмасаңыз, "білмеймін" деп айтуға қорықпаңыз. Кейін сұрақтың жауабын тауып, журналиске жедел жіберуді ұмытпаңыз.

Боленнің ережесіне Дэвид Ньюсонның қосымшасы

• Журналист алдында беделге ие боламын деп өз мемлекетіңіздің/мекемеңіздің саясатын ғайбаттамаңыз

• Өз мекемеңіздің ресми өкілі екеніңізді ешқашан ұмытпаңыз.

• Бір журналиске айта алмайтыныңызды басқасына айтпаңыз.

Болен ережесінен туындаған Кент Оби ережесі

1. Егер жағымсыз жаңалықты хабарлау керек болса, оны бірден өзіңіз және жедел хабарлаңыз.

2. Егер жаңалықты өзіңіз хабарласаңыз, жауапкершілікті өзіңізге аласыз және негатив ақпаратты оң ақпарат ретінде жеткізетін мүмкіндікке ие боласыз.

3. Егер жағымсыз жаңалықты бірден хабарласаңыз, оның ғұмыры қысқа болады.

Журналист қолданатын тактикаларды біліп жүріңіз

• Күтпеген сұрақ қою.

• "Иінтірек" әдісі – ақпарат туралы көп білетіндігін білдіру үшін ақпараттың кішкентай бөлігін қолдану.

• "Бэкханд" – бір ресми өкілден ақпарат алу үшін өзге бір ресми өкілдің пікірін, ақпаратын қолдану.

• "Қызыл майшабақ" әдісі – сіз маңызды проблемаға пікір білдірсін деп оқиғаға/идеяға қатысы бар өзге нәрсені сұрау.

• Үндемеу (Сіз үнсіздікті бұзып, тағы да сөйлей беруіңіз керек).

• Сіздің "эгоңызға" әсер ету ("Сіз – бұл проблеманы бес саусағыңыздай білетін адамсыз, мына сұраққа да жауабыңыз болуы керек...")

• Қорқыту ("Егер сіз бұл сұраққа жауап бере алмасаңыз, өз жұмысыңызды дұрыс орындай алмай тұрғаныңыз. Мен сіздің бастығыңызбен сөйлесуім керек...").

Massaget.kz