- Негізгі бет
- Жаднама
- Мемлекет және әтіргүл...
Мемлекет және әтіргүл
Тарих – қатігез. Бірақ оның махаббатқа даңқ сыйлар тұстары да аз емес.
Бірінші әңгіме ежелгі Рим дәуірінде болған. Рим әскерлері жүзім дәнін алып, Галлиенің Бонни (бүгінгі Францияның Бонни деген жері) ауданына келген сәтте, бұл жерге күн нұрының жақсы түсетіндігін және топырағының жүзім өсіруге үйлесетіндігін байқаған. Сонымен олар жергілікті диқандар сияқты жүзім егуге кіріседі. Жүзімдері піскенде жүзім шарабын ашыта бастайды. Арада біраз жыл өткен соң Рим қосыны қайта атқа қонып, жолға қамданады. Бірақ әскердің тең жартысы қайтадан әскер болудан, алға ілгерлеуден бас тартып, сонда қалып қояды. Өйткені, бұл араның жүзімі мен жүзім шарабы олардың жан-дүниесін жаулап алған-ды. Сонымен император Карлос заң шығарып, бүкіл қосынның Боннидан ілгерлеуін шектеген екен. Император о дүниеге аттанар шағында: «Рим империясы жүзім шарабының арқасында гүлденіп-көркейді, сонымен бірге жүзім арағының себебінен күйреді» деген екен.
Екінші әңгіме «Париж әтіргүлі» деген атаққа ие болған бір бойжеткенге байланысты. 1942 жылы мамыр айында Герман әскері Париж қаласына келіп кірді. Гүл дүкенінің иесі Луси бүгін дүкенге бірде-бір адамның бас сұғып, сауда жасамағанын көріп, көңілі жарым болды. Луси өзінің саудасының жүрмегеніне емес, қала тұрғындарының сүлкіндерінің түскеніне алаңдаған еді. Сонымен ол өз дүкеніндегі барлық әтіргүлді және басқа дүкен сөрелерінде тұрған әтіргүлдерді сатып алып, көршілеріне, достарына, қала көшелерінде жүрген адамдарға сыйға таратады. Лусидың бұл әрекеті барлық адамның жүрегін тебірентті. Ертесі таң ата Чампи-Илисис көшесінің бойына жайғасып жатқан неміс әскерлері Париждегі барлық әйел затының қолдарына гүл ұстап, емен-жарқын әзілдесіп, жайдары бейнеде, жанарларынан үміт оты ұшқындап жүргендерін көреді.
Франция ақпарат агенттігі «Әтіргүл иісі бұрқыраған таң» деген тақырыпта бүкіл әлемге бұл оқиға жайлы ақпарат таратады. Бұл хабар Лондон жақтың билік басындағылары мен қарапайым әскерлеріне зор демеу болады. Ағылшын генаралы Дигол он жылдан кейін Лусиді шақыртып, оған «Париж әтіргүлі» деген ат береді.
Бұл тарих беттерінде жазылып қалған, шын болған оқиғалар. Алдыңғы оқиғада қарапайым халықтың өмір сүру арманы саясатты басып түсті. Ал, екінші оқиғада соғыс танкілері мен зеңбіректері төніп тұрған тұста да тұрмысты таңдауға болатындығы бейнеленген. Демек, сұлу өмірдің шырқын бұзу кім-кімнің де қолынан келгенімен, адамдардың сұлу өмірге деген шексіз талпынысына кедергі болу ешкімнің де қолынан келмейді.
Адамның қарапайым тұрмысы ежелден бері бастан кешпеу мүмкін емес барыс, адамның қарапайым тұрмысы міндетті түрде басып өтетін болашақ. Қандай да бір сәтсіздік, азап пен қиыншылықтар туылса да, адамдардың әдемі өмір сүруге, сұлу тұрмысқа деген талпынысы тоқырамайды.
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: baidu.com
M. Auelkhan