Жұмыста немесе сабақта маужырап, ұйқылы күйде жүретін күндеріңіз бола ма? Оның себебі кешкі тамаққа не жегеніңізде болуы мүмкін.
Ұйықтар алдында кофе ішу денсаулыққа зиян екені белгілі. Тәтті тағамдарды жеу де қандағы қант мөлшері көтерілуіне әкеп соғады. Бірақ кейбір пайдалы тағамдардың өзі түсімізге кері әсерін беретінін бәріміз біле бермейміз.
Мичиган университетінің зерттеуі бойынша, кейбір көкөністерді түскі астан соң жеудің қажеті жоқ. Мысалы, брокколи және гүлді қырыққабат дәруменге бай болғанымен, олар тағамдық талшықтарға да толы. Олар ұзақ қорытылып не толық қорытылмай, газ түзіледі. Сондықтан, оларды ұйықтар алдында кешкі аста жеп алсаңыз, ағзаңыз бұл пайдалы тағам түрін сіңіруге ұзақ уақыт кетіріп, ұйқыңыз үзіліп, беймаза күй кешесіз.
Кешке ет жеуге бола ма? Малдан алынатын ақуызы жоғары ет тағамдары да осыған ұқсас әсер береді. Мысалы: шұжық, котлет, стейк.
Томат тұздығын да кешкі асқа қолданудың қажеті жоқ. Ол томат тұздығы қосылған пицца немесе макарон бола ма, маңызды емес. Томаттың қышқылдығы жоғары болғандықтан, таңғы қыжыл (изжога) немесе асқазан ауруы болуы мүмкін. Таңертең еш жеріңіз ауырмас үшін қызанақ қосылған тағамды ұйықтар алдында кем дегенде үш сағат бұрын жеу қажет.
Ірімшік және шұжық. Шұжық туралы жоғарыда айттық. Шұжық та ірімшік секілді құрамында тирамин және аминқышқылы көп болғандықтан, асқазанды қыздырады. Соның себебінен таңертең ұйқыдан тұру қиынға соғады.
Қара шоколад. Бір плитка шоколад бір стақан кофемен тең. Ұйықтар алдында шоколад жеу ұйқысыздыққа әкеледі. Сондықтан шоколадты бойыңызға күш беру үшін таңертең не күндіз жеген жөн.