Мәтін жазғанда қажет болатын 7 батырма комбинациясы

Мәтін жазғанда қажет болатын 7 батырма комбинациясы
Фото: wikipedia.org

Ctrl+C мен Сtrl+V – мәтінмен жұмыс істегенде жиі қолданылатын комбинациялар. Бірақ бұдан басқа да керім комбинациялар баршылық.

***

кЕЙДЕ CAPS LOCK ҚОСЫЛЫП ҚАЛҒАНДА, СӨЗДЕР ОСЫЛАЙ БАДЫРАЙЫП КЕТЕДІ. Енді мұның бәрін өшіріп, қайта жазудың орнына сөздерді белгілеп, Shift+F3 комбинациясын жасасаңыз болғаны.

***

Ctrl+Backspace комбинациясы меңзердің алдындағы сөзді тұтас өшіріп тастайды.

***

Ал Ctrl+Delete меңзерден кейінгі сөзді өшіреді.

***

Веб-сайттардан мәтін (цитата, дереккөз) көшіргенде оның форматы сол күйінде сақталып қалуы мүмкін. Мұндайда Ctrl+Shift+V комбинациясы көмектеседі.

***

Ctrl+Shift+↑ комбинациясын жасаса, меңзердің алдындағы абзац тұтас белгіленеді. Сөйтіп оны тышқан қолданбай-ақ белгілеп, өшіріп тастауға болады. Ал Ctrl+Shift+↓ меңзерден кейінгі абзацты белгілейді. Осы тәсілді тышқанмен де тез істеуге болады. Ол үшін сол жақ батырманы үш рет басу керек. Ал меңзерден ілгері не кейін тұрған бірнеше сөзді белгілеу үшін  Ctrl+Shift+← немесе Ctrl+Shift+→ комбинацияларын жасау қажет.

***

Егер тышқан қолданбай-ақ меңзерді сөзден сөзге, абзацтан абзацқа апарғыңыз келсе, Ctrl+↑, Ctrl+↓, Ctrl+←, Ctrl+→ деген комбинацияларды қолданыңыз.

***

Сөздерді жуан, курсив, асты сызылған қылып қою үшін Ctrl+B, Ctrl+I, Ctrl+U комбинацияларын қолдану қажет.

Massaget.kz