Астрологтардың айтуынша, жұптың жұлдыз белгілеріне қарап, олардың үйлесімді немесе үйлесімсіз екенін анықтауға болады. Оны анықтау үшін жеке есептету керек. Бірақ жұптың үйлесімсіз екенін көрсететін жалпы факторлар да бар. Бұл жайлы кәсіби астролог Инна Любимова айтты.
Тоқты - Таразы
Түбегейлі қарсы белгілердің бір-бірімен араласуы оңай болмайды. Бір қарағанда олар бір-біріне ұқсайды, бірақ тереңірек үңілсек, қайшылықтарға жолығамыз. Тоқтылар Таразыларды түсіну үшін өз-өзімен көп жұмыс істеуі керек. От белгісі жағдайларға бейімделмейді. Егер Тоқтыға бірдеңе ұнамаса, ол сол туралы ашық әрі тіке айтып тастайды. Бұл Таразылардың көңіліне тиюі мүмкін. Ал ауа белгісі өз кезегінде, Тоқтыны өзінің батылсыздығымен және баяулығымен ашуына тиеді. Таразылар үшін жылдам шешім қабылдау қиын. Таразылар асықпай ойланып, содан соң ғана әрекет етеді, ал Тоқтылар күткенді жақсы көрмейді. Сондай-ақ бұл жұлдыз белгі өкілдері Шаяндармен және Тауешкілермен нашар үйлеседі.
Торпақ - Сарышаян
Торпақтар мен Сарышаяндар бір-біріне ұқсайды: екеуі де өршіл, ақшаны жақсы көреді. Торпақтар өзінің табиғи тартымдылығын жиі қолданады. Бұл қызғаншақ Сарышаяндарды ашуландыруы мүмкін. Одан ұрыс шығып кетуі мүмкін. Ал Торпақтар жан жайлылығын бағалайды, сондықтан бұл келіспеушіліктердің туындауына ықпал етеді. Бұл жұлдыз белгілері Арыстандармен және Суқұйғыштармен үйлеспейді.
Шаян - Тауешкі
Шаяндар - эмоционалды жандар. Олар серігін жақсы көретінін айту үшін оған күніне 10 рет телефон соға алады. Көпшілік мұндай назар мен қамқорлыққа қуанар еді, бірақ кесте бойынша жүретін Тауешкілер емес. Сондай-ақ бұл жұлдыз белгілері Тоқтылармен және Таразылармен үйлеспейді.
Егіздер - Мерген
Құбылмалы жұлдыз белгілер кез келген өзгерістер мен жағдайларға оңай бейімделеді, бірақ бірге емес. Бірге олар жай жарылатын бомбаға айналады. Егіздер де, Мергендер де мазасыз және шытырман оқиғаларға ашық. Бірақ Егіздер жиі ойланбай әрекет етеді, бұл Мергенді ашуландырады. Себебі Мергендер барлығын алдын ала жоспарлап қояды. Оған қоса, егіздер кейде қулық жасауы мүмкін. Ал Мергендер өтірікті жек көреді. Сондай-ақ бұл белгілер Бикештермен және Балықтармен үйлеспейді.
Арыстан - Суқұйғыш
Арыстандар өздерін лидер сезінгісі келеді және көбіне қоғам ойына тәуелді келеді. Суқұйғыштар кез келген әлеуметтік шектерді жоққа шығарады және материалдық заттарға көп мән бермейді. Сондай-ақ бұл белгілер Торпақтармен және Сарышаяндармен үйлеспейді.
Бикеш - Балықтар
Бикештерге арманшыл Балықтармен қиындау болады. Бұл қарым-қатынастағы жанжалдардың бәрі қаржының айналасында болады. Есепқор және ұқыпты Бикештерді Балықтардың ортақ меншікке деген жеңіл көзқарасы ашуына тиеді.