Егер сіздің қалаңызда күн сирек шығатын болса және оның сәулелері ауаның ластануы мен түтінге байланысты жетпесе, D дәруменінің қосымша көздері қажет.
Көптеген адам D дәрумені тапшылығына тап болады. Ол ультракүлгін сәулелердің әсерінен терімізде синтезделеді. Ғалымдар бұл дәруменді жеткілікті мөлшерде алу үшін күніне кемінде 15-30 минут күн астында жүру жеткілікті дейді.
Дегенмен, іс жүзінде бәрі бола бермейді. Біріншіден, кейбір аймақтарда күн сирек шығады. Екіншіден, дәрумендердің синтезі үлкен қалалардағы ластанған ауаға байланысты баяулауы мүмкін. Үшіншіден, дәрігерлер жасанды түрде күн сәулесін астында шамадан тыс жатуға кеңес бермейді: ультракүлгін сәулелер тері қатерлі ісігінің қаупін арттырады және қартаю процесін тездетеді.
Дегенмен, D дәрумені тағамда да кездеседі. Мамандар қандай өнімдерге назар аудару керегін айтты.
D дәрумені ең көп кездесетін 5 тағам:
• жабайы ақсерке (лосось);
• балық майы;
• майшабақ;
• сардина, тунец;
• сүт өнімдері.
Аз мөлшерде D дәрумені жұмыртқада, ірімшікте, сиыр бауырында және сары майда кездеседі. Дегенмен, олардың көмегімен дәруменге деген қажеттілікті толтыру мүмкін емес.
Өкінішке қарай, D дәрумені бар тағамдарды көп адам жей бермейді. Мысалы, бір адам балықты ұнатпауы мүмкін. Сондықтан медицина мамандары D дәрумені препараттарын қабылдауға кеңес береді. Бірақ кез келген жағдайда, бұл мәселе дәрігермен талқыланып, шешім сынақтан өткеннен кейін ғана шығарылуы керек.
D дәрумені не істейді:
Сүйектер мен тістерді нығайтады;
ағзадағы кальций мен фосфордың мөлшерін реттейді;
жасушаның бөліну процесіне әсер етеді, денеге ісіктердің пайда болуын болдырмауға көмектеседі;
иммундық жүйені нығайтады;
инсулин өндірісін бақылайды;
жүйке импульстарының берілуін және бүкіл жүйке жүйесінің жұмысын жақсартады.