- Негізгі бет
- Жаднама
- Маман кеңесі: Кредитті...
Маман кеңесі: Кредитті алу мен төлеуге қатысты пайдалы ақпарат
АТФ Банктің басқарушы директоры Руслан Волынец кредиттер туралы жан-жақты хабардар және дұрыс кредит алуға қатысты кеңестерімен бөліседі.
1. Кредит – жақсы немесе жаман? Кредитті жақсы немесе жаман деп бөлетін ұғым жоқ. Ол пайдаланудың дұрыс жолдарын білуді талап ететін қаржылық құрал. Кредиттің басты артықшылығы – қажетті затыңызды қазір және осы жерде алу фактісі, ал борыш сомасы шағын төлемдерге бөлінеді. Ең бастысы – кредит алудағы басты мақсатты айқындай білу. Бұл мәселеге өзіңіздің қаржылық мүмкіндіктеріңізді ескере отырып зерделі түрде қарау керек. Тұрғын үй көбіміз үшін ең бірінші қажеттілік. Әрине өмір бойы пәтерді жалдап тұруға немесе ата-анамен тұруға болады. Алайда жеке пәтерге ие болудың жалғыз мүмкіндігі бар, ол – ипотека. Кеңес: Бастапқы жарна шотына барынша көбірек ақша салуға тырысыңыз.
2. Кредит алу немесе ақша жинау? Инфляцияға ұшырамай ірі зат сатып алу – өз-өзін ақтамайтын шешім. Қажет, бірақ қымбат нәрселерге ақша жинау мүмкін емес деуге болады. Оның үстіне кредит ақшаны үнемдеуге мәжбүрлейді. Ақшаңды еркін жұмсау мүмкін емес, өйткені сенің міндеттемең тұр. Кеңес: егер бірнәрсені қатты сатып алғыңыз келсе, аз уақытқа кейінге қалдыра тұрыңыз. Уақыт өте келе ұмытып кетсеңіз, бұл зат сіз үшін соншалықты маңызды емес. Егер сатып алу туралы ой санаңызда тұрса, алыңыз.
3. Өз мүмкіндігіңізді қалай есептеуге және кредиті тезірек өтеуге болады? Ай сайынғы төлем жалақының ½ аспауы керек, идеалды нұсқада ол табыстың ¼ құрауы тиіс. Өз мүмкіндіктеріңізді есептегенде тұрақты шығындар мен жоспардан тыс жағдайларға шағын мөлшердегі соманы ескеріңіз. Кеңес: өзіңізге нақты қажет соманы алыңыз. «Әйтеуір керек боп қалар» деп ала бермеңіз. Ай сайынғы минималды сомадан көбірек төлеуге тырысыңыз. Осылай сіз пайыздық мөлшерлемеден үнем жасап, борышты өтеуді жылдамдатасыз.
4. Жұмыстан шығып қалсаңыз немесе сырқаттансаңыз және кредитті төлеуге уақытша мүмкіндігіңіз болмаса не істейсіз? Ең маңыздысы – банкке келіп, өз жағдайыңыз туралы баяндап беру, орын алған жағдайды растайтын құжаттарды ұсыну. АТФБанк төлем мерзімін ұзартады, төлемді азайту үшін қайта қаржыландыруға барады. Бірақ сасуға, төлем жасаудан жалтаруға болмайды. Бұл тек жағдайда ушықтыра түседі. Салдары көп күттірмейді: мерзімі кешіктірілген сомаға өсімақы есептелуі, кредитті өтеу үшін банктік шоттардан қаражатты ұстап қалу, сот тергеуі және т.б. Кеңес: кредит бойынша сақтандырудың болуы көмектеседі. Сақтандыруды ресімдеу банктің клиентке қатысты тәуекелдерін азайтып қана қоймай, клиенттің өзін де қорғайды.
5. Кепілсіз кредит беру бағдарламасын қалай таңдауға болады? Кредит алмас бұрын нарықты мұқият зерттеңіз. АТФБанк кепілсіз және комиссиясыз 7 000 000 теңгеге дейін кредит берудің ең оңтайлы бағдарламасын ұсынады, өтеу мерзімі: 7 жылға дейін. Артықшылақтары: 1 құжат арқылы ресімделеді, шешім қабылдау – 15 минут, кепілсіз және кепілгерсіз сол күні беріледі және ең бастысы - кредит бойынша ай сайынғы төлем аз.
Серіктес материалы
А. Жапатова