Егер сіз салмақ жоғалтқыңыз келсе дұрыс тамақтану жеткілікті, бірақ оны физикалық белсенділікпен біріктірсеңіз арықтау процесі одан да тезірек жүреді. Ол үшін ай сайын жаттығу залында сағаттап терлеудің қажеті жоқ.
Атақты британдық диетолог Майкл Мосли күнделікті режимге тек екі жаттығудан тұратын шағын кешенді қосу жеткілікті екенін айтады.
BBC-ге берген сұхбатында ол 2 қарапайым жаттығу жүйелі түрде орындалса, арықтауға көмектесіп қана қоймай, жалпы денсаулыққа пайдалы болатынын түсіндірді.
Таңертеңгілік жаттығу
"Жаттығудың артықшылықтары туралы жаңа зерттеу бар, онда дене салмағына арналған негізгі жаттығулар арқасында адам арықтап қана қоймай, мидың белсенділігін жақсарта алады. Олар сонымен қатар бұлшықеттерді сергітуге және тіпті ұйқыны жақсартуға көмектеседі", - дейді Мосли.
Доктор Майкл Мосли салмақ жоғалтуға көмектесетін екі негізгі жаттығу – жерден кеудені көтеру (отжимание) мен қолды алға созып отырып-тұру (приседания ) екенін айтады.
Жерден кеудені көтеру – дененің жоғарғы бөлігін нығайтудың ең жақсы арзан әдістерінің бірі. Мұндай жаттығуларды жүйелі түрде орындау төзімділікті арттырады, дененің жоғарғы бөлігінің бұлшықеттерін күшті етеді. Сонымен қатар, бұлшықет массасын қалыптастыруға, сүйектерді нығайтуға және буынға пайдалы әсер етеді.
Отырып-тұру әдісі – денені нығайтуға, дене сымбатын қалыптасыруға көмектеседі. Қозғалыс техникасын өзгерту арқылы сіз бөксенің, жамбастың және балтырдың бұлшықетін нығайта аласыз. Жақсы жүйелі жаттығу арқаға, сондай-ақ жүрек-тамыр жүйесіне пайдалы.
Доктор Мосли екі жаттығуды да таңертең орындауды ұсынады, өйткені таңертеңгілік жаттығу қуат береді, жүрекке көмектеседі, тіпті ақыл-ой жұмысын жақсартады.
Дұрыс тамақтану да маңызды
Майкл Мосли сонымен қатар дұрыс тамақтану мен жаттығуды біріктірудің маңыздылығын еске салады. Оның айтуынша, тек жаттығу арқылы артық салмақтан арылу екіталай.
"Жаттығудың өзі артық салмақтан арылуға көмектеседі деп ойламаймын, бірақ бұл сіздің көңіл-күйіңізді және физикалық жағдайыңызды жақсартады. Шынымен артық салмақтан арылғыңыз келсе дұрыс тамақтану мен жаттығуды біріктіргенде ғана нәтиже болады", - дейді дәрігер.
Ол салмақ жоғалту үшін тамақтағы ақуыздың маңыздылығын атап өтті.
"Бұлшық еттерді жақсы күйде ұстау үшін күніне кемінде 50 грамм сапалы ақуыз тұтыну керек. Денеңізге ақуыз қажет, ал егер ол оны тамақтан алмаса, бұлшықетіңізден алады", - дейді Мосли.
Айта кетейік, осыған дейін ғалымдар өмірді ұзартатын жақсы әдетті атаған болатын.