- Негізгі бет
- Жаднама
- Махаббат пен кек...
Махаббат пен кек
Махаббат пен кек әйнек тақтаның үстіндегі екі тамшы су сияқты. Кейде қосылып кетіп, кейде олардың тұрғанын да байқамай қаласыз. Кейде уақытпен бірге буға айналып көрінбей кетеді. Махаббат пен кек барлық адамда болады. Сүйіспеншілік тереңдеген сайын кек те тереңдей бермек. Бір көріп ғашық болуды есепке алмағанда, махаббат ұзақ уақыттық ортақтықтармен қалыптасып, сыннан өтеді. Ғашықтар жақын жүргенде, бірін-бірі сезінуі неғайбыл, ал алты қырдың арғы жағын аттай алыстағанда, махаббат жыры төгіледі. Сүю мен өшпенділік күннің батуы мен шығуы сияқты табиғи құбылыс. Күннің нұрланып шығуы бар жерде, міндетті түрде қара түн түнек те болады. Ұлы табиғаттың зұлмат бұрқасыны мен көңілді көктемі дәл махаббат пен кек сияқты. Сырттай бақыт тілеп, көз алдағы бейнені көңілмен ұзатып салып тұратын махаббаттың тәтті мұңы бар жерде, жүректе өшпенділік қалатыны сөзсіз, бірақ, сезімі биік жан үшін мұндай шешімнен кейін адамда өкініш қалмайды. Ондай бақытты жан да болмайды.
Сүюді білген адамның өмірі әсте мағынасыз өтпейді.
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
сурет: sc.com
M. Auelkhan