- Негізгі бет
- Жаднама
- Махаббат – мәңгі...
Махаббат – мәңгі ертегі емес
Махаббат, өзіміз білетіндей, мәңгілік емес. Ал ең әдемі сөздер біз күтпеген тұста, өзгеріп шыға келмек. Бірнеше мысал келтіре кетсек.
* * * *
3 апта: Мен сені сүйемін!
3 ай: Әрине, сүйемін!
3 жыл: Егер мен сені сүймегенде, әлдеқашан кетіп қалар ма едің!
* * * *
3 апта: Кеш жарық, сүйіктім!
3 ай: Сәлем! Бүгінгі күн керемет, ә?
3 жыл: Бүгін не жейміз?
* * * *
3 апта: Қымбаттым, ана жақта шешең хабарласуда!
3 ай: Бұл саған!
3 жыл: Телефонды алсай!
* * * *
3 апта: Балалық шағың, сірә, қызықты өтпесе керек.
3 ай: Сенің аталарың-ақ шаршатып болды!
3 жыл: Иә, алма ағашынан алысқа түспейді!
* * * *
3 апта: Мен сені Астанаға алып кетемін!
3 ай: Шынында да, сенің Астанаға барғың келе ме?
3 жыл: Қара, әне, Астананы теледидардан көрсетуде!
* * * *
3 апта: Осы сырғалар саған ұнар деп ойладым.
3 ай: Үй тірлігінде үтік әрқашан керек болып қалмақ.
3 жыл: Мә, қолыңа 500 теңге. Азық-түлік базарына бар да, ал.
* * * *
3 апта: Бүгін не көргің келеді?
3 ай: Мүмкін, "Жаужүрек мың балаға" барып қайтармыз?
3 жыл: Жоқ, өзіңнің "Жаужүрек мың балаңды" өзің қара. Саған басқа таспа әкелдім.
* * * *
3 апта: Мен сенімен толықтай келісе алмаспын.
3 ай: Бұның бәрі сенің кесіріңнен!
3 жыл: Мына бастың кесірінен болмайтын бір нәрсе болады да тұрады!
* * * *
3 апта: Сен асты жақсы әзірлейсің!
3 ай: Кешкі асқа не бар?
3 жыл: Тағы да макарон ба?!
* * * *
3 апта: Мына көйлек саған қатты жарасады екен!
3 ай: Кезекті шүберекті сатып алдың ба?
3 жыл: Сонымен, осы бір түкке тұрғысыз нәрсе үшін қанша төледің?
* * * *
3 апта: Ештеңе етпес, қымбаттым, кешірім сұрамай-ақ қой.
3 ай: Абайлағаның дұрыс еді!
3 жыл: Сенің не, көзің еш нәрсе көріп тұрған жоқ па?
Cурет: delfi.lv
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига