Сүйкімді жан иесімен сөйлеспес алдында үстіңіздегі киімге қараңыз. Ер үстіндегі киім мен аяқ-киім нәзік жанды ханымдарға жақсы әсер қалдыруы мүмкін, қалдырмауы да мүмкін. Бәрі де, достым, қалай киінгеніңізге байланысты.
Біздер білмейтін бір нұсқаға сенсек, қыз баласының басында әрқашан калькулятор іске қосылып тұрады. Дәл осы есептегіш құралымен үстіңіздегі киімнің қанша тұратынын, жалпы бағасын шығаруға тырысады және бұл қадамдары сәтті жолмен жүзеге асып жатады. Бұл жерде қыз баласы тек киімге қарап бағалайды деген тұжырым емес. Сонда да «түсі игіден түңілме» деген терең сөздің астарында киім киістің де бір мысалы бары анық. Мысалы, бес жүз теңгеден сапасыз бірнеше жейде сатып алғаннан гөрі, екі-үш мыңдық жақсы әрі сапалы жейде сатып алған дұрыс. Ұзаққа киесіз әрі тұзаққа түсіретін қыз да табылып қалар.
Аяқ-киім
Ер адамда жақсы әрі ықшам аяқ-киімнің бірнешеуі болған дұрыс. Жылдың әр маусымына орай, бірнеше пар аяқ-киім болсын. Сосын стиліңізге қарай әртүрлі аяқ-киім қажет. Егер сіз жиі костюм киетін болсаңыз, онда классикалық қара туфли, ал егер джинси киіп қалғандай жағдайда мокасин керек. Және әрқашан тазалыққа қарап жүріңіз. Әйел баласы алдымен аяққа, оның тазалығына қарайды. Сондықтан әрдайым тазалап тұру артықтық етпейді. Әйтпеген жағдайда, арадағы әңгіме сәтсіздікке ұласуы мүмкін.
Жаз айларында вьетнамдық түрлі-түстегі аяқ-киімдер іліп аларларға (сланцы) қарағанда әлдеқайда қонымды болмақ. Әрі тартымды көрінері сөзсіз. Сол қатарда жеңіл мокасиндер ер арсеналында тұрсын.
Сыртқы киім
Қыс күні жартылай пальтолар, көктемде жеңіл күртешелер ерді сәнге бөлейді. Ол турасында тарқатып ештеңе айта алмаспыз. Талғам турасында әркімнің көзқарасы өзінде.
Кеңсеге арналған киім
Қыз баласы үшін аса қымбатты нәрселердің бірі, әрине, ол – жейде. Жақсылып үтіктелген, еш мыжы жоқ көрікті жейде сіздік іскер қылып көрсетеді және қыз баласының алдында идеал ер болып көрінесіз, дұрысын айтқанда таныласыз.
Қай түстегі жейделер дұрыс? Қалаған еркіңіз. Алдында екі-үш-ақ, сосын бірнеше қарасын сатып алуға болады. Әр күн сайын киетін жиделерге қай түс болмасын жараса береді.
Әр ер адамға қажетті нәрселердің бірі пинжак десек, қателеспейміз. Олардың сәнге айналған түстері ретінде қара, ақ, көк түстері жиі айтылады. Жеке гардеробыңызды түрлендіргіңіз келсе, онда кофталардың бірнешеуін және қалпағы бар бірді-екілісін сатып алыңыз. Оның үстіне күн сайын костюм кие бермейсіз ғой.
Ал шұлық деген қажеттілікті күнде ауыстырып тұрған дұрыс!
cурет:onlyformans.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек