Бүгін қыздарға арналған кеңестердің соңғы бөлімін жариялаймыз. Олардың бәрі болмаса да, біреу өміріңе өзгеріс енгізіп, өз пайдасын тигізер деген үміттеміз.
67. Сатып алған іш киімің жылы болсын. Дәл қазір күз мезгілінің суығы білінбегенмен, салдары кейін байқалуы мүмкін.
68. Өзіңе қол сағат сатып ал. Немесе сыйлық ретінде тапсырыс бер. Бұл шақырған жерге кешікпеуге көмектеседі, әрі иесін стильді етіп көрсетеді.
69. Бірнеше сөмкең болсын: спорттық дорба, жағажай сөмкесі, қыдыру мен алыс жолға арналған және жаз мезгіліне арналған ақ түрі.
70. Спорттық аяқ киімді спорттық киіммен, ал классикалық аяқ киімді классикалық киіммен ки. Кешкі көйлекпен тенниска, ал спорттық костюммен жеңіл аяқ киімді киюдің қажеті жоқ.
71. Екі күнде бір бөлменің шаңы мен еденін сүрту әдетін қалыптастыр. Сол кезде беймезгіл қонақтар келген кезде де үйіңіз таза болып тұрады.
72. Сәнді бақыла. Осылайша арзан киімдерді үйлестіріп кию әдетіне ие боласың.
73. Әдебиет пәнінен өтетін барлық кітаптарды оқы.
74. Жиі күл.
75. Қажет кезде иіліп, еркелей біл.
76. Оптимист бол.
77. Шемішкені ешкім жоқ жерде ғана шақ.
78. Қызғаншақтық, көреалмаушылық және жалқаулық әдеттерінен арыл.
79. Бу теріге жақсы әсерін тигізетіндіктен, моншаға жиі түс. Анашыңа оның қаншалықты пайдалы екенін жиі айт.
80. Жүру мәнеріңе мән бер. Жеңіл жүруге тырыс. Үйде басыңа кітап қойып жүріп үйрен.
81. Сөмкеңе әмиян, кілт, аяқ киім сүрткіш, тарақ, айна, бет орамал, сағыз салып жүр.
82. Қошемет сөзді айтып, қабылдап үйрен.
83. Мектептегі пәндердің өмірде керегі болмайды деп ойлама. Бұл – қате пікір.
84. Жігітіңе қарызға ақша берме.
85. Ғашықтар айырылысқан соң дос болып қала алмайды.
86. Вьетнамкы аяқ киіммен шұлық киме.
87. Бояуды дұрыс жағып үйрен.
88. Достарыңа хат жаз. Тіпті электронды хат болса да.
89. Егер өзіңнен кіші сіңілің немесе інің болса, олармен ойын ойнауға көңіл бөл.
90. Аптасына бір рет бетіңе маска жаса. Ол үшін бетіңе жұқа қабат айран немесе ашыған сүтті жақ. Кепкенін күтіп, артынша тағы бір қабат жақ. Егер 1,5 сағат бойы осы рәсімді жалғастыра берсеңіз, терің ерекше балғындыққа ие болады.
91. Ата-анаңмен, достарыңмен бірге түскен 20-40 суретті төсегіңнің бас жағына іліп қой. Бұл тәтті естеліктер бұрышы болады.
92. Егер бір жерің ауырса, бірден дәрігерге қарал. Аурудың асқынғанын күтудің қажеті жоқ.
93. Қорқынышты фильмдер көрме.
94. Төстартқыштың бауы көрінетін майкілерді киме.
95. Жақын құрбыларыңмен бірге сүйікті фильмдерді көру түнін ұйымдастыр.
96. Лайық емес адамды сүйме.
97. Мақалаларды оқи отырып, қажеттісін өмірде пайдалан.
98. Эмоцияң мен құпияңды толық жазатындай күнделік баста.
99. Биік өкшелі аяқ киіммен жүруді үйрен.
100. Кеңестердің 1,2-бөлімдерін қайталап оқып, ең қатты ұнаған 10 түрін өзіңе жазып алып, күнделікті орындауға тырыс.
Оқи отырыңыз:
Қызға қырық үйден тыйым немесе 100 кеңес
Қызға қырық үйден тыйым немесе 100 кеңес #2
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: Ардақ Рысбектің жеке парақшасынан