Қызға жазылған ашық хаттар

Сүйген қызыңызға айтқыңыз келетін, бірақ, бір айтудың реті келмей, шындығында, айтуға ауыз бармайтын сөздер келіп тұрады. Бір жақсысы, интернеттің бар екендігі...

Ендеше, баға жетпес сүйіктім!...

* * * *

Жауабы қызықсыз болатын сұрақтарды қоюшы болма. Егер соған қарамастан қойып жатар болсаң, артынан жауабы ұнамай жатса, таңғалып жүрмеші. 

* * * *

Жер бетіндегі соңғы ақымақты тапқан екенсің...

* * * *

Кейде мен сен туралы ойламаймын. Кешірші.

* * * *

Дүкен аралау спорт түріне еш кірмейді. 

* * * *

Көпшілік ерлердің екі-үш пар аяқ киімі ғана бар, ал отыз екі пардың қайсысы қызыл көйлекке сәйкес келетінін қайдан білсін.

* * * *

Сенде көйлек жетерлік. 

* * * *

Кейбір қыздар арзан киіммен де әлдеқайда тартымды көрініп жатады. 

* * * *

Сенің үстіне кез келген көйлек жарасымды. Шын сөзім. 

* * * *

Егер мен басқа қыздарға қарамайтын болсам, онда мен сенің сұлу екенінді қайдан білемін?

* * * *

Біздің қарым-қатынасымыз ешқашан бірінші рет таныстықтың бір апталығындай болмайды. Бірақ, маған осы күнгісі ұнайды.

* * * *

Әйел біткен өзімшіл десем, тағы ренжисің ғой!

* * * *

Егер бір нәрсе айтуға оқталсаң, ең жақсысы, жарнама үзілісі кезінде айтып қал.

* * * *

Ақырында, саған сенеді ғой деп ойлайтын шығарсың... 

* * * *

Жоғарыдағының бәрі жай келтіріле салған мысалдар. Алып-қосарыңыз бар ма, жігіттер қауымы?!

сурет:www.diary.ru 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек