Қыздар туралы білгіңіз келсе...

Қыздар туралы білгіңіз келсе...

Қыздар туралы қызықты деректермен бөліссек дейміз. Бір жаққаны көңілге қонар.

* * * *

Барлық дерлік қыздар бұрынғы жігіттері өздерін ойлап, қайта оралғылары келіп жүр деп санайды.

Жігіттер, қыз баласының үнемі назарында "мұжықтылық" (ер азаматтылық) болады. Олар бүкіл болмысыңызды назарда ұстайды (дене тұрқыңыз, көзқарасыңыз, іс-қимылыңыз). Сондықтан еш жағдайда таңғалмаңыз, сәл ғана сәтсіздіктің өзіне тастап кетіп жатса..

Егер сен қызбен бір бөлмеде өмір сүруге бел байласаң, онда ертелі-кеш бөлменің тоқсан пайызы оның иелігіне өтпек. Ал бөлменің бір бұрышы сіздің иелігіңізде.

Ерлерге қарағанда, әйел затының миы негізінен көп істерді бірден шешуге бағдарланған.

Құрбысы жаңа киім сатып алса, онда осы демалыс күндері сіздің де қалтаңыз қағылады.

"Сен жақсы жігітсің..." - бұл жерде сізді еркек деп қарастырып тұрған жоқ, артынша куә боласыз: "...бірақ дос болып қалайық".

Қыз бен жігіттің арасындағы достыққа сенетін қыздар әрқашан өз жігіттерінің дос қыздарына бәсекелестікпен қарайды.

* * * *

Анықталғандай, әйел баласы әңгімелескеннен көңілдері жай тауып, жеңілдеп қалатын болып шықты. Және олар сөздік қорлары ерлерге қарағанда үш есе артық бай. 

Егер қыз сенің жақсы көретін футболшыңды немесе туған күн, туған-туыстарынды білгісі келіп жатса, онда ол сіздің әлеуметтік желіңізді бұзғысы келеді.

Қыздар достарыңыздың алдында әдейі қылымсиды және сонысымен сіздерді қызғанышқа бөлейді.

Қыздар алғашқы кездесуде жігіттің ақшасына немесе қырынған-қырынбағанына назар аудармайды. Ал бірақ қиял-елестің (воображение) жоқтығын кешірмек емес.

Барлық қыздарда қосалқы құрамда тұратын жігіттер болады.

* * * *

Олар сіздің футбол, компьютер, достар мен азды-көпті сыраға уақыт бөлетініңізге қарсы емес. Олар жай ғана үнемі өздеріне көңіл бөлінгенін қалайды.

Қыздар сондай нәзік, үзіліп тұрардай болып көрінеді. Жоға, шын мәнінде олар сізді алдап соққысы келеді...

Сүйіп қалған қызыңызды сағат 8-ге кездесуге шақырсаңыз, біліп қойыңыз, ол сағат 4-тен бастап шығуға дайындалады. Иә, сосын бір ескерте кетерлігі, міндетті түрде кешігіп келеді.

Қыздар қапқа салынған үлкен сыйлықтан гөрі кішкене, бірақ, өте әдемі қапталған шағын сыйларды ұнатады.

Олар махаббаттарын жұлдыз жорамал мен ырым-жырымдарға қарап бағалайды.  

* * * *

Қыздар киім сатып аларда өз көлемдерінен кішірегін алады. Сол арқылы өздерін салмақ тастауға мәжбүрлейді.  

Қыздар сіздің сөйлеу мәнеріңіздің сүйкімсіз немесе болымсыз шығып тұрғанына қарап та ренжи салуы мүмкін.

 

Сурет:jo-jo.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига