Қыз баласының сұлулығы қимыл-қозғалысынан да байқалады. Табиғи грация – кез келгенге оңайлықпен беріле бермейтін, тек бимен, спортпен айналысудың нәтижесінде ғана ие болуға болатын ерекше қасиет. Баспалдақпен шығып, түскен кезде жеңіл қозғалу, орындықта тік отыру, қолды орнымен сермеу, артық қимыл жасамау – мұның барлығын айнаның алдында тұрып ұзақ уақыт бойы үйрену керек.
Жерге жақын жиһазда отырған кезде екі тізенің арасын қосып, аяқты бір шетке қарай қиғаштап отырған жөн. Бір аяқты екіншісінің үстіне қоюға да болады.
Көлікке отырған кезде орындықтың шетіне отырып, екі аяғын кезегімен ішке кіргізеді. Ал түсер кезде керісінше жерге аяғын бірінші қояды.
Қыз баласы басын тым көтеріп, тым түсіріп жүргені дұрыс емес.
Қолды көп сермеудің қажеті жоқ. Бұл үшін қолмен иыққа асылған сөмкені ұстап тұрған дұрыс.
Барлық қимыл-қозғалыс жинақы болуы керек.
Біреумен сөйлесіп тұрған кезде қолды қалтаға салуға, немесе үстелді тықылдатып тұруға болмайды. Бұл сырт көзге оғаш көрінеді.
Тым шектен шығып, аяқты тізе бірінің үстіне бірі тұратындай етіп орналастырудың қажеті жоқ. Осылай жасаған күнде тізені құшақтап, немесе аяқты сермеп отыруға болмайды.
Әңгімелесу барысында диванға жантайып жатып алу, немесе орындықта тербеліп отыру, креслоның ең шеткі бұрышында отыру секілді әрекеттер жасауға болмайды.
Креслоның қол қоятын жеріне тек жақын туысқандарыңыздың үйінде ғана отырғаныңыз абзал.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: Назерке Дулаттың жеке парақшасынан